Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еліміздің қай өңірінде қымбатшылық жоғары?
Жаңалықтар

Еліміздің қай өңірінде қымбатшылық жоғары?

14.12.2021
1 мин
0
1351

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектордың мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтың 2021 жылғы қарашадағы ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы мәлімдеді. 

Қарашада елдегі жылдық инфляция бәсеңдеп 8,7%-ды құрады (қазанда – 8,9%), бірақ 4 өңірде инфляцияның жеделдеуі байқалды. 11 өңірде инфляция бәсеңдеп, 2 өңірде өзгеріссіз қалды.

Инфляцияның ең тез бәсеңдеуі Қарағанды облысында (қазандағы 9,6%-дан қарашада 8,9%-ға дейін) және Атырау облысында (9,2%-дан 8,5%-ға дейін), ең тез жеделдеуі Шығыс Қазақстан облысында (8,8%-дан 9,2%-ға дейін) орын алды.

Жылдық инфляция 10 өңірде жалпы республикалық деңгейден жоғары қалыптасты: Маңғыстау (9,4%), Шығыс Қазақстан (9,2%), Ақмола (9,0%) Түркістан (9,0%), Қарағанды (8,9%), сондай-ақ Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында (8,8% дан).

Елімізде айлық инфляция 0,7% құрады, бұл соңғы 5 жылдағы (2016-2020) орташа өсімнен төмен.

Ағымдағы жылдың қараша айында өзінің орташа нормасынан артық өсім тек Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында тіркелді (сәйкесінше, 1,2% және 1,1%).

Қалған өңірлерде бағаның айлық өсу қарқыны соңғы 5 жылғы нормасының айналасында немесе одан төмен деңгейде қалыптасты. Айлық инфляцияның өсу қарқынының айтарлықтай бәсеңдеуі Түркістан, Қарағанды, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында орын алды. Бұл өңірлерде қараша айының соңғы 5 жылдағы нормасы әлдеқайда жоғары.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл