Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада оқушылар автобуста тегін жүреді
Жаңалықтар

Елордада оқушылар автобуста тегін жүреді

02.08.2022
1 мин
0
1232

Нұр-Сұлтан қаласында 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Алайда барлығы бірдей көлік картасы болуы қажет.

«Бір айдан кейін жаңа оқу жылы басталады. Кассадағы кезектерді болдырмау үшін мектеп көлік картасын алдын ала жасатып алуды сұраймыз.

Өздеріңіз білетіндей, елордада қала және Нұр-Сұлтан қаласы маңында тұратын 18 жасқа дейінгі оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациядан өткізу қажет», - деді «City Transportation Systems» ЖШС-дан. 

Атап өтілгендей, мектеп көлік картасын екі жолмен алуға болады: 

- Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық кассадан; 

- transcard.kz сайт арқылы. 

Картаны жасатуға қажетті құжаттар: 

- ата-ананың бірінің жеке куәлігі; 

- баланың ЖСН бар туу туралы куәлігі немесе жеке куәлік; 

- мектептен анықтама; 

- 3х4 форматтағы 1 фотосурет.

Көлік картасын жоғалтқан жағдайда оны қайта жасату үшін қажетті құжаттар: баланың туу туралы куәлігі, ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) жеке куәлігінің түпнұсқасы немесе төлқұжаты, оқушының жасы 15-тен асқан болса мектеп анықтамасы қажет. 16 жасқа толған оқушылар өз бетімен өтініш жасай алады. Қалаған жағдайда фотосуретті өзгертуге болады. 

Мектеп көлік картасын алғашқы алу құны 800 тг. Қайта шығару – 1500 теңге.

 

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8406 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл