Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Hit beat music» ұйымы қаржы пирамидасымен айналысқан ба?
Жаңалықтар

«Hit beat music» ұйымы қаржы пирамидасымен айналысқан ба?

29.05.2023
1 мин
0
280

«Hit beat music» деп аталатын қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті бастады.

Nege.kz мәліметінше, ұйымдастыруға күдікті жарнамалық шоу-презентацияларды өткізу кезінде ұсталды.

«Hit beat music» (HBM Group) инвестициялар саласындағы ақпараттық-талдамалық компания ретінде жасырынып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асыратыны анықталды. Компания сенгіш азаматтарға тұрақты сыйақы алуға кепілдік беретін канадалық музыкалық инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды. Сонымен қатар, «Hit beat music» (HBM Group) Қазақстан аумағында заңды тұлға, өкілдік және филиал ретінде тіркелмеген, сондай-ақ ашық банктік шоты жоқ.

Салымшылардың жарналары кіріс кассалық ордерлерін ресімдемей қолма-қол нысанда жүргізіледі.Тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 2300-ден асады.

Қазіргі уақытта «Hit beat music» ұйымдастырушысына қатысты 2 айға дейінгі мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Фото: ғаламтордан

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл