Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Келесі жылы баспана қымбаттай ма – Отбасы банк басшысы болжам жасады
Жаңалықтар

Келесі жылы баспана қымбаттай ма – Отбасы банк басшысы болжам жасады

23.12.2021
1 мин
2
1351

"Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова баспана бағасына қатысты өз болжамын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Меніңше, бағаның өсу қарқыны төмендейді. 10 процентке және одан жоғары көтерілмейді. Себебі зейнетақы жинағын пайдаланудың негізгі кезеңі 1 сәуірде аяқталады. Қазір депозиттерді толықтырғысы және ипотеканы өтегісі келетіндерден өтініш түсіп жатыр. Ал баспананы толығымен сатып алуды көздейтін өтініштер өте аз", – деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда банк басшысы зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану шарасы тұрғын үй бағасына әсер еткенін мойындады. Алайда бүгінде әлем бойынша баспана қымбаттап жатыр. Оған инфляция да ықпал етті. Құрылыс материалдарының бағасы көтерілді. Мамандардың жалақысы артты. 

Сондай-ақ банк басшысы тағы бір мәселеге баса мән берді. Соңғы жылдары Қазақстанда бала туу көрсеткіші өсіп келеді. Жыл сайын 60 мың неке тіркеліп, 400 мың бала дүниеге келеді.

"Қазір еңбек нарығына 2000 жылы туған балалар келді. Осы факторлар да сұранысқа әсер етеді", - деп атап өтті Ибрагимова.

Айта кетері, биыл көктемде Отбасы банкінің басшысы сәуірде баспана бағасының өсуі тоқтайды, ал маусым-шілде айларында тұрақты бір деңгейге түседі деп болжады. Алайда Ибрагимованың болжамы дәл келмеді. Қазақстанда тұрғын үйдің бағасы шарықтап кетті. Әсіресе, Алматы мен Нұр-Сұлтанда бір шаршы метрдің құны айтарлықтай өсті.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
M
Medet 23.12.2021
Қалай баспана алса болады барі қымбатап кетті.
Жауап беру
А
Айнур 23.12.2021
Бақытты отбасы бағдарламасы біттіма
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл