Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Коронавирус инфекциясы асқынған дерті бар адамдарға өте қауіпті. Бұл туралы Алматыдағы №36 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Мөлдір Әлімбаева айтты.
Ғалымдар коронавирус 80 жастан асқан кісілер үшін өте қаупіті екенін анықтады. Бұл жас тобындағы өлім көрсеткіші 14,8% құрайды.
Дәрігер Мөлдір Әлімбаеваның айтуынша, коронавирус адам ағзасына әртүрлі әсер етеді. Алайда қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар науқастар үлкен қауіп төндіреді. Олар коронавирус кезінде негізгі қауіп топтарын құрайды және инфекцияны қиындатады. Өлім-жітім жиі болады.
«Қант диабеті, тыныс алу жолдарының аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және гипертония – коронавирус бойынша негізгі қауіп тобы. Сондай-ақ, жұқтырғандардың жасы неғұрлым үлкен болса, өлім қаупі соғұрлым жоғары болады: 70 пен 79 жас аралығында 8%, 60-тан 69 жасқа дейін - 3,6%», - дейді дәрігер.
Спикердің сөзінше, ауруханаішілік инфекциялар да науқастың жағдайын нашарлатуы мүмкін.
«Егер олар антибиотиктерге төзімді болса, тиімді антибиотиктерді таңдау үшін уақыт қажет. Ал бұл уақытта адамның жағдайы күрт нашарлап, өліммен аяқталуы мүмкін», - деді ол.
Қант диабеті, семіздік және жүрек ауруынан басқа, коронавирус өкпенің созылмалы аурулары үшін де қауіпті.
«Коронавирус қант диабеті немесе жүрек ауруын ғана емес, жалпы созылмалы ауруларды күшейтеді. Әрине, өкпеге байланысты проблемалары бар адамдар тәуекелге ұшырайды. Бронх демікпесі, созылмалы обструктивті өкпе ауруы барларға кері әсер етеді», - деп қорытындылады Мөлдір Әлімбаева.