Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлыбритания мен Италия ғалымдары коронавирустың омикронға қарағанда ауыр және жұқпалы штаммының пайда болу ықтималдығын бағалады. Зерттеу Nature Reviews Microbiology журналында жарияланды.
Мамандар омикронды алмастыратын SARS-CoV-2 жаңа жұқпалы штаммы иммунитеттің қорғанысын бұзып өтіп, өмірге қауіпті симптомдарды тудыруы мүмкін екенін атап өтті.
"Антигендік эволюция иммунитеттен бұлтарып, ауыр симптомдарды тудыратын коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін", - делінген зерттеуде.
Ғылыми жұмыста вирус эволюциясы жұққыштықтың жоғарылауымен және иммундық жауаптан айналып өту мүмкіндігімен анықталатыны айтылған. Аурудың ауырлығы, керісінше, эволюцияның жанама нәтижесі ғана.