Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжіліс қаржы пирамидаларының жарнамасымен күрес жөніндегі құжатты мақұлдады
Жаңалықтар

Мәжіліс қаржы пирамидаларының жарнамасымен күрес жөніндегі құжатты мақұлдады

15.06.2022
1 мин
0
1078

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасы ҚР Парламенті депутаттарының бастамасы бойынша 2022 жылғы 23 мамырда Мәжілістің қарауына енгізілген. Құжат Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, қолданыстағы заңнамада бар құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізу мақсатында әзірленді. 

Заң жобасын жұмыс тобының отырыстарында қарау барысында жекелеген нормаларды жетілдіру мақсатында бірқатар түзету, оның ішінде:

- 217-баптың 1-бөлігі диспозициясының қолданыстағы редакциясын сақтау, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабы бойынша қылмыстық жауаптылық болған кезде санкцияларды қатаңдату;

- заң жобасының жаңа 217-1-бабының ережелерін пысықтау;

- ҚР «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» және «Жарнама туралы» заңдарына ұсынылатын өзгерістер мен толықтыруларды алып тастау;

- «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 23-бабы 9-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес заң жобасының тақырыбын өзгерту, сондай-ақ басқа да түзетулер бөлігінде түзетулер қабылданды.

«Сондай-ақ, жұмыс тобы заң жобасын заң ісі қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады. Мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» палатасының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының, Парламентаризм институты өкілдерінің, сондай-ақ бірқатар құқықтанушы сарапшылардың қатысуымен жұмыс тобының 7 отырысы мен Қаржы және бюджет комитетінің 2 кеңейтілген отырысы өткізілді», - деді Мәжіліс депутаты Юрий Ли. 

Сонымен қатар, палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржы (инвестиция) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» ілеспе заң жобасын да екінші оқылымда мақұлдады.

Аталған құжаттар енді Сенаттың қарауына енгізіледі.

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл