Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлерге шабуыл жасағандар үшін жауапкершілік күшейтіледі
Жаңалықтар

Мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлерге шабуыл жасағандар үшін жауапкершілік күшейтіледі

24.07.2025
1 мин
0
113
Сурет: depositphotos

Қазақстанда мұғалімдерге, дәрігерлерге және әлеуметтік қызметкерлерге жасалатын шабуылдарға байланысты жазаны қатаңдату мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, соңғы уақытта мемлекеттік және квазимемлекеттік сала мамандарына, соның ішінде үйлерді аралап әлеуметтік көмек көрсететін қызметкерлер мен мұғалімдерге қатысты агрессиялық әрекеттер жиілеген.

– Бұл мәселе тек медицина саласындағы қызметкерлерге қатысты емес. Құқықтық қорғаныс денсаулық сақтау мамандарымен қатар, басқа да сала өкілдеріне бірдей қолданылуы қажет деп есептейміз. Мысалы, үйлерге барып қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлер де түрлі қауіпке тап болады. Кейбір азаматтар ашу үстінде агрессивті әрекеттерге барады. Бұл – мамандардың өміріне тікелей қауіп төндіреді. Соңғы кездері мұғалімдерге қарсы шабуылдар да жиілеп отыр. Заң бойынша олар қорғалатын тұлғалар қатарына кіреді. Алайда кейбір жағдайларда жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сәйкес келмейтін жеңіл жаза қолданылып жатады. Осы мәселе де талқылау аясында тұр, – деді Ермек Көшербаев.

Сонымен қатар ол азаматтардан келіп түскен ұсыныстар мен өтініштердің барлығы депутаттармен бірге қаралатынын атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл