Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Баспанаға бағыт

"Наурыз жұмыскер" ипотекасы іске қосылды

23.01.2025
мин
0
2124
Сурет: Pixabay.com

"Наурыз жұмыскер" ипотекасы іске қосылды. 17 наурыздан бастап өтінім қабылданады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Техникалық мамандарға арналған "Наурыз жұмыскер" жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. 

Бағдарламаға өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының қызметкерлері қатыса алады.  72 млрд теңге бөлініп, 2440 несие беру жоспарланған.

Бағдарлама "Отбасы банкі" арқылы жүзеге асады.

Шарттары:

Әлеуметтік осал топтар үшін жылдық үстемақасы 7%-бен, ал қалған барлық санаттарға 9%-бен несие беріледі. 

Бастапқы жарна: таза әрлеудегі жаңа үйді алу үшін 10%,

әрленбеген жаңа үй немесе екінші нарықтағы (бұрын біреу алып, қайта сатып жатқан)  үй үшін 20% ; 

Ескерту: екінші нарықтағы үйді облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларына жатпайтын аймақтағы жұмысшылар ғана ала алады.

Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін - 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін - 36 млн теңге.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл