444.88
513.26
5.28
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ерлан Қарин Қазақстан қоғамы үшін үш негізгі міндетті атады
Жаңалықтар

Ерлан Қарин Қазақстан қоғамы үшін үш негізгі міндетті атады

16.09.2026
мин
0
128

Қазақстанның ішкі саясатында ендігі кезеңде қоғамның құндылықтық негізіне, азаматтардың мінез-құлқы мен қоғамдық этикасына және адам капиталын дамытуға басымдық берілмек. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бұл бағыттарды үш ұғыммен түйіндеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанның ішкі саясатындағы негізгі міндеттер енді тек қоғамдық тұрақтылықты сақтаумен шектелмейді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елдің алдағы кезеңдегі ішкі саясатының өзегін құндылық, этика және болашақ ұғымдары құрайтынын айтты.

Оның сөзінше, бірінші бағыт – конституциялық құндылықтарды қоғам өміріне нақты енгізу. Бұл ретте Ата Заңның негізгі ережелерін түсіндірумен қатар, оның мазмұнын ақпараттық, мәдени және ағартушылық жұмыстар арқылы кеңінен таныту қажет.

- Бірінші – конституциялық құндылықтар. Бұлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларының стратегиялық бағытының негізін құрайды. Бұл – Заң және Тәртіптің үстемдігі, жалпыұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім, мәдениет және білім, ғылым және инновациялар, еңбекқорлық және прогресс құндылықтары, қоршаған ортаға қамқорлық, жауапты әрі жасампаз патриотизм, – деді Ерлан Қарин.

Осы бағытта мемлекеттік органдарға конституциялық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі жұмыстарды жүйелі жүргізу міндеті қойылып отыр. Яғни құндылықтар тек ресми құжаттарда қалмай, қоғамның күнделікті өміріндегі ұстанымдарға айналуы көзделеді.

Екінші мәселе – қоғамдық мінез-құлыққа қатысты. Қарин жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қоғамда жауапкершілікке, тәртіпке және өзара құрметке негізделген жаңа әдеттерді орнықтыруды көздейді.

- Екінші – жаңа қоғамдық этика. Бұл қоғамда прогрессивті нормалар мен мінез-құлық үлгілерін орнықтыруды, өзіндік құндылықтар негізін нығайтуды, қоғамдық өмірді кері тартуға және тарихи фактілерді бұрмалауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруды білдіреді. «Заң және Тәртіп» қағидатын практикалық тұрғыда іске асыруға, «Таза Қазақстан» жобасын сапалы жүргізуге және «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылуға тиіс. Жұмыстың жаңа тәсілдері мен форматтары қажет, – деді ол.

Бұл жерде назар аударарлық тұс – «этика» ұғымының тек мемлекеттік қызметшілердің немесе жекелеген мекемелердің тәртібімен шектелмеуі. Мәселе қоғамдық кеңістіктегі адамның күнделікті әрекетіне де қатысты қойылып отыр.

Үшінші бағыт ұзақ мерзімді дамуға байланысты. Қарин болашаққа сенімді қоғам құру үшін ғылымға, білімге, технологияға және мәдениетке салынатын инвестицияны күшейту қажет екенін айтты.

- Үшінші – болашаққа ұмтылыс. Бұл – ғылым мен білім, инновациялар мен технологиялар, мәдениет пен ағартушылық арқылы адам капиталын дамытуға баса мән беру. Тұжырымдамалық бағыт Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген стратегиялық құжаттарда айқындалған. Бұл – ең алдымен «Қазақстан балалары», «Оқитын ұлт», «Digital Qazaqstan» және басқалары. Негізгі мақсат – болашаққа сеніммен қарайтын күшті мемлекет пен прогрессивті қоғам құру, – деді Ерлан Қарин.

Осы үш бағытты бөлек қарастырғанымен, олардың барлығы бір мақсатқа тоғысады. Яғни мемлекет қоғамның қандай құндылықтарға сүйенетінін, азаматтардың қоғамдық ортада өзін қалай ұстауы керегін және елдің болашаққа қандай адами капиталмен қадам басатынын бір жүйеге келтіруге басымдық беріп отыр.

«Осылайша, үш басымдықтың барлығы біз қандай қоғам құрып жатырмыз және қандай елде өмір сүреміз деген басты сұрақтарға жауап береді. Бұл үшін жасампаз күн тәртібі мен конституциялық құндылықтарды ұстануымыз керек», – деп түйіндеді Ерлан Қарин.

Айта кетейік, Қазақстанның ішкі саясатының негізгі қағидаттары мен бағыттары бұған дейін арнайы президент жарлығымен жүйеленген. Құжатта «Заң және тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» секілді қағидаттар белгіленген. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл