Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
БҚО аумағында Z әрпі бар көлік жүрді, деп хабарлайды Dauletten.kz ақпараттық сайты Vladimir Zolkin Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Арнаның мәліметінше, көлік облыс аумағына кірген.
“Жапсырманы алып тастау үшін тоқтадық. Сол жерге полиция жасағы шақырылды. Оларға айыппұл салынды. Олар Қазақстанда Z белгісіне тыйым салынғанын білмегендерін айтты, – делінген хабарламада.
Пост желі қолданушыларының теріс пікірін тудырды.
Алайда полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығарып, облыс аумағында мұндай фактілер тіркелмегенін мәлімдеді.
Айта кетсек, Z белгісі – Ресейдің Украинаға соғысын қолдайтын белгі.