Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жоспарланған іс-шараларының тізімін жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Апта барысында мемлекет басшысы келесі іс-шараларға қатысады:
28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанданың президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланып, бірқатар құжаттарға қол қойылады.
28 мамырда Мемлекет басшысы Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының төрағасы Анке Релингермен кездеседі.
Сол күндері – 28-29 мамыр аралығында – елімізге Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді.
Сондай-ақ 28-29 мамыр күндері Астанаға Хорватия премьер-министрі Андрей Пленковичтің жұмыс сапары жоспарланған.
29 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысып, шетелдік делегация жетекшілерімен және халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
30 мамырда Қазақстанға Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Осы күні аймақ елдерінің басшылары қатысатын алғашқы “Орталық Азия – Италия” саммиті өтеді.
Ал 31 мамырда президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.