Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«ӨзенМұнайГаз» компаниясы директорының орынбасары ұсталды
Жаңалықтар

«ӨзенМұнайГаз» компаниясы директорының орынбасары ұсталды

02.06.2023
1 мин
0
806

Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті лауазымдық өкiлетін теріс пайдаланғаны үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаевты қамауға алды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бауыржан Мамбетсапаев лауазымын пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар таныстарын «Өзенмұнайгаз» АҚ-на заңсыз жұмысқа қабылдады деп айыпталып отыр. Дегенмен Жаңаөзен қаласының 5 мың тұрғыны компанияға жұмысқа кіру үшін кезекте тұрған екен.

«Таныстарының жұмыссыз қатарында болмағанын, тиісті мамандыққа біліктігі сәйкес келмейтінін және жұмысқа мүлдем келмегенін Б.Мамбетсапаев анық білген. Б. Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекетінен мемлекетке 46 млн теңгеден астам залал келді. Бұл Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға жұмысқа орналасу құқығының өрескел бұзылуына әкеп соққан», – деді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері.

Қазіргі таңда Бауыржан Мамбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің бюджет қаражатын жымқыру фактілері тексеріліп жатыр.

фото: Өзенмұнайгаз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл