Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодарда алаяқ зейнеткердің 13 млн теңгесін алып қойған
Жаңалықтар

Павлодарда алаяқ зейнеткердің 13 млн теңгесін алып қойған

05.06.2023
1 мин
0
511

Павлодар облысында зейнеткер алаяққа 13 млн теңгесін беріп қойды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Polisia.kz мәліметінше, ескі схема бойынша алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Солардың бірі – “Сіздің ұлыңыз, қызыңыз, немесе немереңіз апатқа ұшырады немесе полицияда” деген хабарламалар. Телефон алаяқтары оңай алданатын, туысқандарының амандығы үшін бәріне дайын қарт адамдарға хабарласудан бастайды.

Мәселен, 3 маусымда түстен кейін белгісіз ер адам 90 жастағы зейнеткердің қалалық телефонына қоңырау шалып, "Қызыңыз апатқа ұшырап, адамды қағып кетті. Қызыңыз әртүрлі жарақаттармен ауруханада жатыр. Оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы мәселені шешу үшін сіз ақша аударуыңыз керек" деген сылтаумен хабарласты.

Алаяқтар қаражатты Руслан есімді жігіт алып кететінін айтқан. Біраз уақыттан кейін зейнеткердің үй телефонына қобалжыған дауыспен “апатқа ұшырадым, маған шұғыл түрде 20 млн теңге көлемінде ақша керек” деген қызының дауысына ұқсас әйел хабарласты.

Зейнеткер қоңырау шалған адамның дауысын ажырата алмай, қызының шынымен қиын жағдайға тап болғанына сеніп қалды.

– Зейнеткер жинақтары мен зейнетақысынан 13 млн теңге сомасында қаражатты жинаған. Көп ұзамай олар есікке қоңырау шалды, белгісіз адам кіріп, өзін Русланмын деп таныстырды. Ақшаны санап, алып кетті. Қазіргі уақытта белгісіз тұлғалардың жеке басын және орналасқан жерін анықтауға жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Павлодар облысының жеке құрамы бағдарланған, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Жыл басынан бері жалпы 25 млн теңге қаражат берген тоғыз павлодарлық осындай схема бойынша алаяқтардың “қармағына” түскен. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Фото: caspianlife.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл