Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Қалаға алғаш келгенімде қалтамда 7 мың теңге болған»: Жас кәсіпкер Жанбол Нұрмұханбет өзінің жетістікке жету жолындағы құпияларымен бөлісті
Менің кәсібім

«Қалаға алғаш келгенімде қалтамда 7 мың теңге болған»: Жас кәсіпкер Жанбол Нұрмұханбет өзінің жетістікке жету жолындағы құпияларымен бөлісті

22.01.2024
мин
0
9404

Жанбол Нұрмұханбет – «Zhan coffee» кофеханалар желісінің негізін қалаушы, жас кәсіпкер. Ол Астанадан 480 км жерде орналасқан 6000-ға жуық тұрғыны бар Державинск қаласының тумасы. Жасы 23-те. Жанбол Алматыдағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған. Қазір Қазақстан бойынша 500-ден астам кофе желісі бар.

- Үлкен  қалаға, мегаполиске оқуға енді түскен кезіңізді еске алайықшы. Жалпы студенттік шағыңыз қалай өтті?

- Мен 11-сыныптан кейін оқуға Алматы қаласына грантқа түстім. Қарапайым тілмен айтқанда жиһаз жасау мамандығында оқыдым. Есімде, алғаш келгенімде қалтамда 7 мың теңге ғана болған. Оның үстіне, үлкен қалада ешкімді танымадым. Атамның екі досы күтіп алып, қарсы алды. 1 апта сол кісілермен тұрып, жатақханаға орналастым.

- Алғашқы табысыңызды қалай және қашан таптыңыз?

- Бірінші табысымды оқушы кезімде таптым. Қой бақтым, кілем жудым, даяшы болып жұмыс істедім. Ер жете бастаған соң құрылыс жұмыстарын да жасадым. Ал саудадағы алғашқы тәжірибем студент кезімнен басталды. Электронды кітаптар сатып, айына 10 мың табатынмын. Кейін әкемнен 170 мың теңге алып, оның 100 мыңына ойыншық аюлар сата бастадым. Өзім Алматыда болсам да, бірінші сауда нүктесін Астана қаласынан аштым. Онда ағамның досы қолдау білдіріп, саудама көмектесті. Екінші онлайн дүкенді досым екеуміз Ақтау қаласынан аштық. Онда 200 мың теңге инвестиция салынды. Бұл кәсіптен айына 100-200 мың теңге көлемінде таза пайда түсіп отырды.

- Ал «Zhan coffee» қалай ашылды? Неге кофехана?

- Мен тамақ пісіргенді ұнатамын. Бала кезімде аспаз болғым келетін. Негізі әу басында өз мейрамханамды ашқым келді. Бірақ оған салатын ақшамның да, тәжірибемнің де жеткіліксіз екенін түсіндім. Кейін донер немесе кофе кәсібін бастаймын деп шештім. Сонымен 2019 жылдың 21 мамыр күні Алматыдан бірінші «Zhan coffee» кофеханасы ашылды. 5 жыл бұрын 900 мың теңге инвестиция салып бастаған кофеханам қазіргі күнге дейін жұмыс істеп тұр.

- Кәсібіңіз қалай өрбіді? Келесі кофеханаларды ашу қиындық тудырмады ма? Тұтынушы табылды ма?

- 2022 жылы екінші нүктемізді аштық. Сол уақыттарда карантин басталып, кәсібімізге әрине әсер етпей қоймады. Сосын бірден кофе машиналарын орната бастадық. Желілер саны 6-ға жетті. Ал кофе машиналарын тұтынушылар саны қайта өсті.

- Қарызға батқан кездеріңіз болды ма?

- Әрине. Үлкен жетістіктердің басы, кішкентай қиыншылықтардан басталады. Менің бір түсінгенім, біреуге қарыз болсаң, одан қашудың қажеті жоқ. Керісінше, өзің барлық мән-жағдайды түсіндіріп отырғаның дұрыс. Сен ашық әңгімеден алыстаған сайын, қорқытып-үркітулер болады.

- Ал осы кәсіппен айналысқан кездегі алғаш жылдық тауар айналымы мен былтырғы тауар айналымы қанша болды?  

- 2019 жылы тауар айналымы 2 млн жеткен болатын. Ал соңғы 2023 жылы жылдық тауар айналымы 2 млрд теңгеге жуық, яғни 1000 есе артық.

- Кәсіп ашқысы келетін жастарға, студенттерге қандай кеңес бересіз? Кез келген адам кәсіпкер бола ала ма?

- Жаңа айтып өткенімдей, кәсіппен айналысқың келсе бірінші қолжетімді нәрседен бастау керек. Кәсіп әр адам айналыса беретін іс емес дегім келеді. Өзіңе жақын, тәжірибең бар нәрседен бастап, байқап көруге болады. Ұнаса, қолыңнан келетініне сенімді болсаң жалғастырасың, ал шығынға ұшырап жатсаң тоқтай білу керек.

- Кәсіпкер деген кім? Оның бойында қандай мінез болу керек?

- Менен кәсіпкерсің ғой деп ақша сұрайтындар көп. Кәсіпкерлік деген белгілі бір дәрежедегі стресс, ертеңгі күніңе деген сенімсіздік. Басқа жұмыстар таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін болса, жұмыс уақытынан тыс демала аласың. Ал кәсіпте ұйқыдан тұрсаң да кәсібіңді ойлайсың.

- Қазіргі таңда халықаралық нарыққа шыққан екенсіз. Әлемнің қай елдерінде кофе нүктелері орналасқан? Тағы қандай мақсат қойып отырсыз?

- Қазір Қазақстаннан бөлек Дубайда үш, Ресейде үш, Меккеде бір кофемашиналарымыз жұмыс істеп тұр. Әрине, кез-келген бизнесменнің басты мақсаты әлемдік нарықтан өз орнын табу. Мен де сол биікке шыққым келеді.

- Сізге сәттілік тілейміз, Жанбол! Кәсібіңіз берекелі болсын! Арнайы сұхбат бергеніңіз үшін алғыс!

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл