Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қаржы пирамидасы туралы заң бірінші жартыжылдықта қабылдануы мүмкін
Жаңалықтар

Қаржы пирамидасы туралы заң бірінші жартыжылдықта қабылдануы мүмкін

27.04.2022
1 мин
0
1110

Қаржы пирамидаларының алаяқтық әрекеттерін біле тұрып жарнамалаған адамдарды қылмыстық жауапқа тартатын заң бірінші жарты жылдықта қабылдануы мүмкін. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

«Қаржы пирамидалары, бұл енді үлкен, күрделі мәселе. Әсіресе біздің өңірлерде халықтың, біздің тұрғындардың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, көбіне сондай бір алаяқтық істер жасап жатады. Бұл енді бір жағынан қылмыстық іс деп айтуға болады. Себебі, сол қаржы пирамидаларының берген уәделеріне адамдар сеніп, соңғы ақшаларын апарып береді. Енді оны өздеріңіз білесіздер. Солайша аяғында қиын жағдайларға ұшырап жатады. Өткенде үлкен қиын жағдай болды. Бір әйелдің осында өзін-өзі өртегеніне де куә болдық. Сондықтан, бүгінде, біз Парламент депутаттары, Мәжіліс депутаттары заң жобасын қазір жасап шықтық», - деді ол Мәжілістің баспасөз алаңында.

Оның айтуынша, бұл заң жобасының қолға алынуына депуттар бастамашы болған.

«Таяу уақытта осы заң жобасы қабылданады. Оның ішінде қаржы пирамидаларына бөгет жасайтын баптар бар. Негізгісі қоғамға белгілі адамдарға, әртістердің, вайнерлердің іс-әрекеттеріне, әсіресе сол алаяқтық екенін біліп тұрып жарнама жасайтын болса, көмектесетін болса, олар қылмыстық жауапқа тартылады.

Қазір дәл уақытын айта алмаймын. Биыл қабылдаймыз деп ойлаймын. Биыл болғанда, бірінші жартыжылдықта іске алармыз деп ойлаймын», - деді Ерлан Қошанов.

Айлық шығыныңыздың басым бөлігі қайда кетеді?
15298 адам
Азық-түлікке 0%
Киімге 0%
Пәтерге 0%
Көлік шығындарына 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл