Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық тестілеу орталығы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының 2023-2024 оқу жылына бөлген 850 білім грантын қалай иемдену керектігі жөнінде айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аталмыш бағдарлама бойынша конкурсқа қатыса алатындар:
Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:
✔️ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
✔️жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
✔️мүгедектігі бар азаматтар;
✔️мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
✔️2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
✔️2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
✔️төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды. Конкурсқа өтініш беру 10-17 тамыз аралығында жалғасады. Сондай-ақ, құжаттарды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.
Айта кетейік, грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.
Толық ақпаратпен @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінен танысуға болады.
Тағы көру