Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан өткен әлемдік чемпионатта топ жарды
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан өткен әлемдік чемпионатта топ жарды

13.11.2023
1 мин
0
306
Фото: ҚР туризм және спорт министрлігі парақшасынан

10-12 қараша күндері Даугавпилс қаласында (Латвия) өткен джиу-джитсудан әлем чемпионаты аяқталды. Жарысқа жер-жаһанның 29 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының 80 спортшысы бар.


Жасөспірімдер арасындағы Граунд Файт бағдарламасында жерлестеріміз 6 алтын, 5 күміс және 6 қола жүлдеге ие болса, ересектер арасындағы сайыста отандастарымыз 6 алтын, 4 күміс және 14 қола медаль жеңіп алды. Клосс контакт бойынша өткен жекпе-жекте жасөспірімдер – 6 алтын, 6 күміс және 4 қола, ересектер – 9 алтын, 8 күміс және 8 қола, Cелф жарысында 2 алтын, 5 қола медаль олжалады. Ал Фулл контакт бағдарламасында жасөспірімдер – 6 алтын, 3 күміс және 4 қола, ересектер – 11 алтын, 9 күміс және 4 қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға Украина, үшінші сатыға Қырғызстан спортшылары жайғасты.

"Біздің спортшылар әлем чемпионатында керемет нәтиже көрсетті. Жалпыкомандалық есепте бірінші орыннан көріну – өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі, тамаша жетістік. Құрама спортшыларын, оның ішінде жаттықтырушылар штабын шын жүректен құттықтаймын. Әрі қарай да өз жанкүйерлеріңізді жарқын жеңістермен қуантасыздар деп үміттенемін", - деді Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
303
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл