| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстанның Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының тиісті Жарлығына сәйкес, Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылған.
Айта кетейік, Дәурен Қосанов бұл қызметке 3 қыркүйекте тағайындалған болатын. Осылайша оның Қорғаныс министрі ретіндегі қызмет мерзімі бір айға да жетпеді.