Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандағы гендерлік саясаттың рөлі қандай?
Маман пікірі

Қазақстандағы гендерлік саясаттың рөлі қандай?

24.04.2023
5 мин
0
1060

2021 жылы Мемлекет басшысы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына әйелдердің қоғамдағы құқықтары мен мүмкіндіктерін көтермелеу және ілгерілету бөлігінде өзгерістер енгізу жөнінде тапсырма берген болатын. Гендерлік саясаттың еліміздегі рөлі туралы толығырақ Dauletten.kz-тен оқи аласыздар.

Негізгі өзгерістер әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау, ерлер мен әйелдердің  еңбек нарығына, қаржылық және өзге де ресурстарға тең қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау, әйелдерді инновациялық, инфрақұрылымдық, жоғары технологиялық мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға тарту мәселелерін қоса алғанда, әйелдердің экономикалық және саяси мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты.

2022 жылғы наурыздағы деректер бойынша халықтың жалпы санынан әйелдердің үлесі – 51,4%-ды, ерлердің үлесі – 48,6%-ды құрады. Ел халқының едәуір үлесін әйелдер құрайтынына қарамастан, Қазақстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласында кейбір проблемалық аспектілер байқалады. Атап айтқанда, Қазақстан жыл сайын халықаралық рейтингте гендерлік алшақтық индексі бойынша өз позициясын төмендетіп келеді (Gender Gap Index). 2022 жылы Қазақстан 10 жыл ішінде алғаш рет 15 позицияға көтерілді. Алайда әлі де айтарлықтай гендерлік алшақтық бар. Саяси мүмкіндіктер мен экономикалық қатысуды кеңейту салаларында ең көп гендерлік алшақтық байқалады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл ұлттық адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін.

Gender Gap Index-тің мәліметіне сүйенсек, 2006 жылы Қазақстан гендерлік саясаты бар мемлекет ретінде 115 елдің ішінде 32-ші орын алған, ал 2022 жылғы дерек бойынша, 146 елдің ішінде тек 65-ші орында тұр.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының жасаған сауалнамасына сай, «Сіз қалай ойлайсыз, Қазақстанда ерлер мен әйелдер арасында теңсіздік бар ма?» сұрағына респонденттердің тек 49,9%-ы ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктері бар деп жауап берді. Қазақстандықтардың 43,6%-ы ерлердің мүмкіндіктері көбірек деп есептейді, ал 4%-ы ғана әйелдердің мансап құру және қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктері көбірек деп есептейді.

«Стратегия» ӘСЗО ҚҚ зерттеуінде (2022 ж.) респонденттер барлық салаларда әйелдер мен ерлердің теңдігіне қол жеткізуді тежейтін негізгі кедергі әйелдердің қоғамдағы рөлі мен орны туралы дәстүрлі стереотиптердің басым болуын атады.

  • Әйелдердің қоғамдағы рөлі мен орны туралы дәстүрлі стереотиптердің басым болуы - 42,4%
  • Ерлермен салыстырғанда әйелдердің еңбегіне ақы төлеудің төмен деңгейі - 29,9%
  • Қоғамның гендерлік теңдік қажеттілігін жеткіліксіз түсінуі - 22,9%
  • Мемлекет деңгейінде әйелдердің мүдделерін қолдаудың жеткіліксіздігі - 18,8%

фото: qaa.kz

Гендерлік теңсіздікке ұшырағансыз ба?
4 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Өз басымнан өтпеді, бірақ теңсіздік бар деп есептеймін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл