Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандықтарға коменданттық сағатты бұзу салдары ескертілді
Жаңалықтар

Қазақстандықтарға коменданттық сағатты бұзу салдары ескертілді

10.01.2022
1 мин
1
2530

Төтенше жағдай режимі кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ерекше өкілеттіктер берілген. Полицейлер мен әскерилер жаяу жүргіншілерді де, көліктерді де тоқтатып, құжаттарын тексеруге толық құқығы бар, - деп хабарлайды Dauletten.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Егер құжаттары болмаса, құқық қорғау органдары азаматты, жеке басын анықтағанға дейін ұстай алады. Сондай-ақ, полиция ұсталғандарды, оның заттары мен көлігін тексеруге құқылы.

Телеарна мәліметінше, мұның бәрі "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының заңында жазылған. Төтенше жағдай жарияланған жерде тәртіпбұзушыға 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал төтенше жағдай кезінде билік өкіліне қатысты зорлық әрекеттер қолданылған болса, ол азамат 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін коменданттық сағат. Бұл - ешкім үйінен шығып, жолдарда жүруіне болмайы дегенді білдіреді. Бұл уақытта қала қарулы күштер, әскер, күш құрылымдары билігіне беріледі. Азаматтарға айтарым: тәуекелге бармаңыздар! Егер көлікте отырып, шығатын болсаңыз, олар атуы мүмкін. Және ол заң тұрғысында дұрыс болады", - деп ескертті заңгер.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезеңінде (2022 жылдың 5 қаңтары мен 19 қаңтары аралығында) азаматтардың көшеде жүруіне тыйым салынған коменданттық сағат енгізілген болатын. Бірқатар өңірде ол 23:00-ден 7:00-ге дейін белгіленген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Аиса 10.01.2022
Арнайы дайындықпен болған Дәулет ау біліп тұрсыңғой явно. Үкімет түп тамырымен кету керек и всё.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл