441.89
502.56
5.19
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі
Жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі

24.09.2026
мин
0
137

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп, жаңа институттың маңызына тоқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Халық Кеңесі мемлекетіміздің саяси жүйесінде айрықша орын алатын, конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болады.

- Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн, шын мәнінде тарихи оқиға деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан Халық Кеңесі мемлекетіміздің саяси жүйесінде айрықша орын алатын, конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болатынына күмәнім жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан ауқымды өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қоғамның барлық саласында түбегейлі реформалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыс әлі де жалғасады.

Президент билік жүйесін заман талабына сай жаңғырту қолға алынғанын айтып, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуын осы бағыттағы өзгерістердің бір айқын дәлелі ретінде атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы маңызды саяси үдеріс тура бір жыл бұрын басталғанын еске салды. Президент былтырғы халыққа Жолдауында бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергенін айтты. Бұл ұсыныс қоғамда кеңінен талқыланып, азаматтар тарапынан мыңдаған ұсыныс пен пікір айтылған. Мемлекет басшысының сөзінше, осы талқылаулар кейінгі 30 жылда болмаған мазмұны терең конституциялық реформаға ұласқан.

- Биыл 15 наурызда жалпыұлттық референдум арқылы тұтас елімізді өрлеу дәуіріне бастайтын қастерлі құжатты – Конституциямызды қабылдадық, – деді Президент.

Оның айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы халықаралық қауымдастық тарапынан зор ықылас пен қызығушылық туғызды.

Бір жыл ішінде бірқатар саяси өзгеріс жүзеге асты

Президент конституциялық реформа нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органы – Құрылтайдың алғашқы сайлауы өткенін айтты. Оның мәліметінше, Құрылтай құрамына халық қолдаған бес партия кірді. 28 тамызда депутаттар өз жұмысына кірісті. Үкіметтің жаңартылған құрамы жасақталып, Вице-Президент тағайындалды. Сонымен қатар жаңа мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды.

- Міне, бүгін Қазақстан Халық Кеңесі де өз қызметін бастап отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бір жылдың ішінде ұлт тағдырына тікелей ықпал ететін маңызды оқиғалар болғанын атап өтті.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері аталды

Мемлекет басшысы соңғы жеті жылдағы бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткішке тоқталды. Президенттің айтуынша, осы кезеңде жалпы ішкі өнім 29 пайызға артып, 306 миллиард долларға жетті. Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі 138 миллиард доллардан асты. Қазақстанға 162 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асты. Қазақстанда жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынады.

2019 жылдан бастап 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды. Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті. Сонымен бірге 1200-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылды. Осы кезеңде 35 мың шақырымнан астам автомобиль жолы салынып, жөнделді.

Президент Қазақстанның халықаралық деңгейдегі міндеттерін атады

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс жалғасатынын айтты. Президент халықаралық ынтымақтастықты тереңдетіп, елімізге келетін инвестиция көлемін ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы халықаралық жиындарға қатысып, көптеген елдердің көшбасшыларымен және инвесторлармен кездесулер өткізіп жүргенін айтты. Астанада да жоғары деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылып, мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді.

- Алдымда тұрған мақсат – айқын: бұл – Қазақстанды орта держава ретінде бүкіл дүние жүзіне мейлінше кең ауқымда паш ету, тарихымыз бен мәдениетімізді халықаралық қауымдастық деңгейінде дәріптеу, мемлекетіміздің мүддесін қорғау және еліміздің әлеуетін жан-жақты насихаттау. Басқа ойым жоқ, – деді Президент.

Қазақстан Халық Кеңесін құру мақсаты түсіндірілді

Мемлекет басшысы елдегі түйткілдерді ашық талқылайтын, жұрттың ұсыныс-пікірлерін сараптап, нақты шешімдер ұсынатын арнайы институт құруды көптен бері жоспарлағанын айтты. Президенттің айтуынша, Кеңестің құрылымы мен атқаратын жұмысы ұзақ ойластырылған. «Қазақстан Халық Кеңесі» атауын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға өзі ұсынған.

- Қазақстан Халық Кеңесі» атауы жаңа институттың жалпыұлттық сипатын көрсетеді. Конституцияға сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – халық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұған дейін елдік істерге қатысты маңызды міндеттерді Қазақстан халқы Ассамблеясы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, Ұлттық Құрылтай және басқа да консультативтік-кеңесші органдар атқарып келгенін айтты. Оның сөзінше, бұл институттар өздеріне жүктелген тарихи миссияны толық орындады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін нығайтуға үлес қосқанын, Қазақстанды бейбітшіліктің, өзара сенім мен келісімнің ошағы ретінде танытуға ықпал еткенін атап өтті. Ал Қоғамдық сенім кеңесі сындарлы диалог арқылы жаңа саяси мәдениетті орнықтыруға атсалысса, Ұлттық Құрылтай жалпыұлттық диалогті одан әрі тереңдетуге ықпал етті. Президенттің айтуынша, осы құрылым аясында практикалық тұрғыдан құнды бастамалар көтеріліп, соның арқасында 26 заң қабылданды. Тағы 10 заң жобасы Құрылтайда қаралады.

Қасым-Жомарт Тоқаев уақыттың және қоғам талаптарының өзгеріп отыратынын атап өтті. Президенттің айтуынша, өркениетті ел болу – жаһан көшінен қалмай, үнемі бәсекеге қабілетті болу деген сөз. Осыған байланысты ұлттық сана-сезімге серпіліс беріп, жұртты ортақ мүддеге жұмылдыру үшін қоғамдық диалогті одан әрі дамыту қажет.

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесін құрудың басты мақсаты да осы екенін айтты.

- Ел тарихында алғаш рет қоғам мүддесі жолында еңбек етіп жүрген түрлі топтағы адамдар бір құрылым аясында бірікті. Мұны «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт» тұжырымдамасының іс жүзіндегі нақты көрінісі деп айтуға болады, – деді Президент.

Оның айтуынша, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы жалпыұлттық бірліктің анағұрлым нығайып, институционалдық сипатқа ие болғанын көрсетті. Президент Кеңес аясында ел ынтымағын күшейтетін тиімді, алдын ала мұқият зерттелген бастамалар жүзеге асырылатынын айтты.

Халық Кеңесі Құрылтайға балама емес

Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесі Құрылтайға балама мекеме емес екенін арнайы атап өтті.

- Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Құрылтай депутаттарының да Халық Кеңесінің жұмысына араласуға құқығы жоқ. Екі институттың басты мақсаты – бірін-бірі толықтырып, бірлесе қызмет ету. Осыған байланысты Президент Қазақстан Халық Кеңесі мен Құрылтай комитеттерінің тығыз байланыста болып, үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

- Заң жобаларын әзірлеу барысында жұртшылықтың ой-пікірін, талап-тілегін толыққанды ескеру қажет. Құрылтай мен Халық Кеңесі әрқашанда бірге болса, осындай мүмкіндік міндетті түрде пайда болады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына этномәдени бірлестіктердің, аймақтық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Президенттің айтуынша, осылайша мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа, ауқымды әрі біртұтас жүйесі қалыптасып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл