Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

25.02.2022
1 мин
0
1800

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман түседі.

Атырау облысының батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының шығысында күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-18 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының батысында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл