Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қосшы қаласын су басу қаупі төніп тұр – министр
Жаңалықтар

Қосшы қаласын су басу қаупі төніп тұр – министр

02.04.2024
1 мин
0
1914
Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

Бүгін Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Астананың түбіндегі Қосшы қаласын су басу қаупі бар екенін ескертті.

Оның айтуынша, Нұра өзені арнасынан асса, Астана маңындағы үш елді мекенді су басуы мүмкін.

«26-30 наурыз аралағында Астана су қоймасына 150 млн текше метр су түсті. Ондағы су төгілмеу үшін 29 наурызда Есіл өзенінің арнасын жуу үшін төменгі бьефке су жіберілді. Қарағанды облысында орналасқан Самарқанд су қоймасы 100% толып тұр. Ұлытау облысында орналасқан Шерубай–Нұра су қоймалары бүгінгі таңда 96% толған. Осы Самарқанд және Шерубай–Нұра су қоймаларынан тасталған және төмен жағынан қосылатын ағындарды есептесек,  Нұра өзені арқылы Преображенск су торабына шамамен 2500 м3/сек су ағады деген болжам бар. Осыған байланысты, Қошқарбаев, Қосшы, Тайтөбе елді мекендерін су басу қаупі төніп тұр», - дейді Нұржігітов.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Қосшы елді мекеніндегі халықтың саны елу мың адамнан асқан соң, Президенттің Үкімімен ол қала мәртебесіне ие болған. Астана түбіндегі қаланың көп халқы елордаға келіп жұмыс істейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл