Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ресейден газ тарту үшін шекаралас облыстардың қажеттіліктерін зерттеп жатыр
Жаңалықтар

Ресейден газ тарту үшін шекаралас облыстардың қажеттіліктерін зерттеп жатыр

17.02.2022
1 мин
0
767

ҚР Энергетика министрлігі Ресейден газ тарту үшін шекаралас облыстардың қажеттіліктерін зерттеп жатыр. Бұл туралы вице-министр Жандос Нұрмағанбетов Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.

«Энергетика министрлігі «Газпроммен» келіссөздер жүргізген болатын. «Газпром» Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне қанша газ керектігі туралы нақты ақпарат беруді сұраған. Әкімдіктерге сондай сауал жолдадық. Қазір әкімдіктер осы бойынша өтінім қалыптастырып жатыр. Олар қандай кәсіпорындарды, жеке сектордың қанша бөлігін газға қосуға болатыны туралы жоспар жасап жатыр. Қандай кәсіпорындар газға көшуге дайын екені анықталып жатыр. Қазақстандық кәсіпорындар үшін электр қуатын өндірісте пайдалану әлдеқайда арзан. Оның үстіне Ресейдегі газдың бағасында да айырмашылық бар. Бұл жұмыстар жылдың бірінші тоқсанында бітуі керек.

Содан кейін энергетика министрлігі қанша газ керек, оны қалай жеткізуге болады, бұл жоба қанша мерзімде іске асады деген сұрақтарға жауап бере алады, - деді Жандос Нұрмағанбетов. Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша келіссөз неге «Газпроммен» жүргізіліп жатқанын түсіндірді.

«Менің қолымдағы мәліметке қарағанда, «Газпром» Ресейдегі газ тасымалдау және жеткізу бойынша оператор болып табылады. Сондықтан Ресейден газ тарту туралы келіссөздер «Газпроммен» жүргізіліп жатыр. Сұйытылған газды жеке компаниялар да тасымалдайды. Ал құбыр арқылы келетін газға «Гапром» жауапты», -деді вице-министр.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл