Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ресейден келетін газ
Жаңалықтар

Ресейден келетін газ "рубльмен" бағалана ма?

21.10.2022
1 мин
0
639

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар алаңында ЕАЭО-дағы ортақ газ нарығы туралы келісім бойынша келіссөздердің барысы туралы айтты.


"Қол қойылған құжат жоқ, келіссөздер жүріп жатыр, кеше ғана өтті. Ресей тарапының ұсыныстарының бірі - барлық төлемдерді рубль арқылы өткізу болды. Біздің ұстанымымыз бойынша, бұл нұсқа келісім тараптарының таңдауында болуы керек еді", - деді министр.


Энергетика министрі валютаны таңдау екіжақты келісімдердің коммерциялық шарты болуы керектігін баса айтты.


"Газ сатып алу үшін ол (сатып алушы) кез келген валютаны таңдай алады және негізінен ешқандай шектеулер болмауы тиіс: ол кез келген ұлттық валюталар, соның ішінде ресейлік рубль мен біздің теңге болуы мүмкін", - деп түсіндірді Болат Ақшолақов.


Айта кетейік, ЕАЭО елдерінде ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы келісім бірнеше жылдан бері талқыланып келеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл