Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ресейдің басқыншылық саясатын қолдаған депутат қызметінен босатылды
Жаңалықтар

Ресейдің басқыншылық саясатын қолдаған депутат қызметінен босатылды

19.01.2023
1 мин
0
724

"Ақ жол" демократиялық партиясының пленумы Украинадағы соғысты ашық қолдаған Азамат Әбілдаевты партиядан шығарды, деп хабарлайды Dauletten.kz партия сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Астанада "Ақ жол" демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өткен. Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді.

Ұлттық кеңес мүшелері Азамат Әбілдаевтың сөздері "Ақ жол" партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да бұзып тұрғанына баса назар аударды.

Ұлттық кеңес шешімі бойынша, Азамат Әбілдаевты "Ақ жол" демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты Азамат Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы "Ақ жол" партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады.

Айта кетейік, Азамат Әбілдаев 1998 жылдан "Ақбөкен" қоғамдық қорының мүшесі. 2015 жылдан Қалмақ тұқымының Республикалық Палатасының төрағасы, 2021 жылдың қыркүйек айынан "Қазақстанның Ет Одағы" ДКЗТБ басқармасының төрағасы, Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясының мүшесі.

Фото: exk.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл