Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық ғылым академиясының ауласына
Жаңалықтар

Ұлттық ғылым академиясының ауласына "Сәтбаев сакурасы" отырғызылды

11.04.2025
1 мин
0
189

2025 жылғы 11 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ішкі ауласында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара барысында "Сәтбаев сакурасы" қайта жаңғыртылып, екі сакура ағашы (Kanzan, Kiku-Shidare) отырғызылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ағаш отырғызу рәсіміне академиктер, депутаттар, Жапония делегациясының мүшелері, ғылыми қауымдастық өкілдері мен демеуші кәсіпкерлер қатысты.

"Сәтбаев сакурасының" тарихы туралы "Ақиқат" журналының 2024 жылғы 30 сәуірдегі санында келесі деректер берілген:

Жапониядан келген меймандар Мәскеу арқылы Алматыға бет алған. Халықаралық кеденде олардың қолындағы ағаштар ерекше назар аудартқан. Декларацияда бұл ағаштардың жапон халқы атынан қазақ ғалымы Қаныш Сәтбаевқа деген құрмет пен алғыс белгісі ретінде жолданғаны жазылған. Сонымен қатар, ағаштарды Қазақстан Ғылым академиясының маңына отырғызу туралы өтініш хат та тіркелген. Ағаштардың расымен де Жапонияның ұлттық символы саналатын сакура екені анықталған соң, тиісті орындардың рұқсатымен Алматыға жеткізуге мүмкіндік берілген.

Сол кезде академия ауласына отырғызылған үш сакураның екеуі гүлдеп өсіп, халық арасында "Сәтбаев сакурасы" атанып кеткен. Ақшыл күлгін және қызғылт реңктермен гүлдеген бұл ағаштар бастапқыда Жетісу климатына бейімделе алмайды деп болжанғанымен, олар отыз жылға жуық өмір сүрген.

Алайда бір күні оларды шие немесе өрік деп қателескен жергілікті әкімдік өкілдері жөндеу жұмыстарына кедергі болады деген себеппен бұл ағаштарды кесіп тастау туралы шешім қабылдаған. Жоғарыдан түскен бұйрыққа сәйкес, қаланы абаттандыру қызметінің екі жұмысшысы мен бір бригадирі екі сакураны балтамен кесіп тынған.

Бүгінде қайта отырғызылған lСәтбаев сакуралары"— қоршаған ортаға қамқорлық танытудың белгісі ғана емес, сонымен бірге еліміздің ғылымына, Қаныш Сәтбаев сынды біртуар ғалымға деген зор құрметтің айғағы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл