Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Universal Ropeways ЖШС өкілдерімен кездесті. Әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, жиында мегаполисте аспалы жол салу жөніндегі тұжырымдама таныстырылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Жоба — қалада заманауи әрі тұрақты көлік инфрақұрылымын құру бағытындағы маңызды бастама. Ол Мемлекет басшысының Шымкентке жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған. Әсіресе, әлеуметтік, инфрақұрылымдық және көлік салаларын дамытуға ерекше назар аударылады, — делінген ресми хабарламада.
Кездесуде арқанжолдың болжалды бағыттары, технологиялық шешімдері, жобалау мен құрылыс кезеңдері талқыланды.
Жоспар бойынша аспалы жол Республика, Тәуке хан, Қонаев, Бәйдібек би, Абылай хан даңғылдарын, сондай-ақ Цитадель аумағы мен “Тұран”, “Shymkent City” шағынаудандарын кезең-кезеңімен біріктіреді.
Аспалы арқанжол іске қосылған жағдайда, тұрғындардың қозғалысы жеңілдеп, көлік жүктемесі жоғары аймақтарда жол инфрақұрылымына түсетін қысым азаяды деп күтілуде. Сонымен қатар, бұл жоба туристер үшін де тартымды нысанға айналуы мүмкін.