Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
СІМ өкілі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сауалға жауап берді
Жаңалықтар

СІМ өкілі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сауалға жауап берді

02.06.2025
мин
0
1080
Сурет: facebook.com/KazakhstanMFA

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Айбек Смадияровтың айтуынша, бұл іс бойынша одан әрі жұмыс Бас прокуратураның құзырында.

- Біз қажет нәрсенің бәрін жасадық. Бұдан әрі Бас прокуратура желісі бойынша ақпарат алмасамыз, – деді ол.

Журналистер Қазақстан елшілігінің өкілдері Тұрлыбаймен кездескен-кездеспегенін де нақтылады.

- Шетелдегі түрмеде отырған азаматтарымызға бару - консулдың жыл сайынғы міндеті. Сондықтан бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, сәуірде Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадицияланатыны туралы ақпараттар тараған еді. Алайда бұл мәліметті Бас прокуратура растаған жоқ.

Еске салайық, 2015 жылы маусымда Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізді деп айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын.

2021 жылы Қытай Қазақстан азаматын экстрадициялаудан бас тартқан.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл