Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
СҚО-да аудан әкімдігі 363 млн теңгені орынсыз жұмсамақ болған
Жаңалықтар

СҚО-да аудан әкімдігі 363 млн теңгені орынсыз жұмсамақ болған

09.10.2023
1 мин
0
545

Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімдігі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Ақжар ауданы экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, ведомстволық сараптамадан өтпей, 3 ауылдағы жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізген.

Прокурорлық қадағалау шараларымен қабылданған сатып алулар жойылып, нәтижесінде 363 млн теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Басқа жағдайда, осы ауданда ауылдық округ әкімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарына қарамастан, Талшық ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеуге арналған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 7 млн теңге көлемінде төлем жүргізген.

Қадағалау актісі және Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ бюджет қаражатын өтеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл