Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Станбұл мэрі сотталды
Жаңалықтар

Станбұл мэрі сотталды

15.12.2022
1 мин
0
470

Түркия соты Ыстамбұл мэрін екі жыл жеті айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Daulettten.kz Daily Sabah сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуға үш жыл бұрын Стамбул мэрі сайлауының күшін жоюды "ақымақтық" деп атағаннан кейін айып тағылып отыр. Сот мұны жоғары сайлау комиссиясының мүшелерін қорлау деп санады.

52 жастағы Имамоглу түрік оппозициясы өкілі саналады және келесі маусымда өтетін сайлауда Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыластарының бірі.

Алайда сот шешіміне сәйкес, қазір Имамоглуға саяси қызметпен айналысуға тыйым салынады. Бұл оның ел президентін сайлауға қатыса алмайтынын білдіреді.

Үкім мен саяси тыйымды апелляциялық сот растауы керек. Жоғары орган үкімді бекітсе, Экрем Имамоғлуға бес жыл ішінде саяси қызметпен айналысуға тыйым салынады. Осылайша, ол Ыстамбұл мэрі қызметінен алып тасталуы мүмкін.

Экрем Имамоглудың өзі сот шешімін саяси деп атады және оған шағымданатынын мәлімдеді. Апелляция қаралып жатқанда, ол Ыстамбұлды басқаруды жалғастырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл