Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тарихта есімі көп аталмаған, бірақ ерлігі ұмытылмас 5 қазақ батыры
Жаңалықтар

Тарихта есімі көп аталмаған, бірақ ерлігі ұмытылмас 5 қазақ батыры

05.05.2025
1 мин
0
244
Сурет: pinterest.com

Ұлы Отан соғысының шежіресінде қазақ даласынан шыққан Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова сынды батырлардың есімдері алтын әріппен жазылған. Көпшілік осы аттары белгілі қаһармандарды жақсы біледі. Алайда дәл солар сияқты ерлік көрсеткен көптеген қазақ батырының есімдері бүгінде сирек аталады. Осыған байланысты Dauletten.kz сайты сіздерге есімдері жиі аталмаса да, халықтың мақтанышына айналған Ұлы Отан соғысының 5 қазақ батырын ұсынады.

Төлеуғали Насырханұлы Әбдібеков (қыркүйек 1916— ақпан 1944) — Ұлы Отан соғысына қатысушы, 8-ші Гвардиялық атқыштар дивизиясының мергені, аға сержант. Барлығы 397 жауды жер жастандырған.

Төлеуғали Әбдібеков 1916 жылы Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан) Жарма ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жастайынан аңшылықпен айналысып, мергендігімен танылған. 1932 жылы туыстарының шақыруымен Оңтүстік Қазақстандағы "Пахта-Арал" кеңшарына көшіп, жұмыс істеді. Кейін Қызыл Әскерге шақырылып, Хабаровск аймағында қызмет етті. Әскерден соң туған жеріне оралып, мақта бригадасын басқарды. Жұбайы – Әбдібекова Найсымкүл.

1942 жылы Калинин майданына аттанып, мергендер қатарына қосылды. Сол жылы аға сержант Әбдібеков 219 фашистің көзін жойған. Барлығы 397 жауды жойып, 32 мергенді тәрбиеледі. Оның ерлігі туралы "Комсомольская правда" және "Красноармейская" газеттерінде жазылды.

1944 жылдың 22 ақпанында неміс мергенімен соңғы шайқасында ауыр жараланып, жауды жойғанымен, ертеңінде көз жұмды. Ол қазіргі Псков облысындағы бауырлас зиратқа жерленді.

Жұман Қарақұлов (1921, Қарақалпақ Республикасы – 18.10.1944, Словакия, Звала ауылы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан қатардағы жауынгер. 1942 жылдың 17 ақпанында майданға шақырылып, 128-Түркістан гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында Солтүстік Кавказ, 4-Украина майдандарында және Чехословакияны азат ету ұрыстарына қатысты.

1944 жылдың 18 қазанында Дукл қаласы маңындағы Звала елді мекенінде болған шайқаста ротасы жау бекінісін басып алды. Үшінші шабуылда Қарақұлов пен Саркисьянов жау траншеясына кіріп, ротаның ілгерілеуіне жол ашты. Жау пулеметі шабуылды тоқтатқанда, Қарақұлов гранатамен атыс ұясына тұп-тура ұмтылып, ерлікпен қаза тапты.

Оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Нұркен Әбдіров (1919, Қарағанды обл., Қарқаралы ауданы – 19.12.1942, Ростов обл.) — әскери ұшқыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры (қайтыс болғаннан кейін берілді). Арғын тайпасының Қаракесек руының Сарым бұтағынан. Қарағанды аэроклубында ұшқыштық курсты бітіріп, 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1942 жылы Орынбор авиациялық училищесін аяқтап, 267-әуе дивизиясының 808-шабуылшы полкіне жіберілді.

16 әуе шайқасына қатысып, 12 танк, 28 жүк көлігі, 18 оқ-дәрі тиелген машина, 3 жанармай цистернасы мен 50-ден астам жау сарбазы мен офицерін жойған. 17-ші ұшу тапсырмасында жаудың бекіністері мен техникасын талқандағанымен, өзі де ауыр жараланып, жанармайы тұтанған ұшағын жау шоғырланған жерге бағыттап ерлікпен қаза тапты.

Оның құрметіне Қарағандыда ескерткіштер орнатылып, даңғыл, ауыл және еркін күрестен турнир аталған. Волгоградтағы Мамаев қорғанында бейнелі зираты бар. Нұркен туралы фильм түсіріліп, балет қойылған.

Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов (1920, Қостанай обл., Әулиекөл ауданы, Қояндыағаш ауылы – 25.07.1943, Ленинград обл., Синявино поселкесі) — Кеңес Одағының Батыры.

1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. Алдымен мергендер ротасында, кейін пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам жау әскерін жойды, төрт рет жарақаттанды.

1943 жылы шілдеде Ленинград майданының 67-армиясы құрамында шайқасып, 25 шілдеде жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты.

Оған 1944 жылы 21 ақпанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қостанай мен Әулиекөлде оның есімімен көшелер аталып, Қояндыағаш ауылында ескерткіш орнатылған.

Мақаш Балмағамбетов (1914 ж., Қазалы ауданы, 17 ауыл) — 2-дүниежүзілік соғыс ардагері, Кеңес Одағының Батыры (22.02.1944).

1932–1938 жылдары ұжымшарда есепші, кіші техник болып жұмыс істеп, 1943 жылы наурызда майданға аттанды. 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында шайқасты. 1943 жылдың 25 қыркүйегінде Днепрден өту кезінде ерлік көрсетіп, бөлімшесімен бірінші болып жау жағына өтті. Бородаевка маңындағы ұрыста 20-дан астам жау сарбазы мен офицерін жойды.

Соғыстан кейін Қарақалпақстанға қоныс аударды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл