Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев Астананың бауырлас қалалары форумына қатысып жатыр
Жаңалықтар

Тоқаев Астананың бауырлас қалалары форумына қатысып жатыр

05.07.2023
1 мин
0
224
almaty.tv

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Астананың бауырлас қалалары форумына қатысып жатыр.

Форумның тақырыбы - «Астананың 25 жылдығы. Жаңа перспективалар. Жаңа мүмкіндіктер». Оның аясында қалаларды дамытудың өзекті мәселелерін және олардың қазіргі жаһандық әлемдегі өсуі мен инновацияның басты орталықтары ретіндегі рөлі талқыланады.

Форумның іскерлік бағдарламасы аясында түрлі салалар бойынша өткізілетін 8 панельдік сессияның ұйымдастырылуы жоспарланған:

1) Қалаларды цифрлық трансформациялау: инновациялық жобалар, бағдарламалар және технологиялар;

2) Қалаларға инвестициялар экономиканың өсуінің негізгі драйвері ретінде;

3) Болашаққа бағытталған қала құрылысы;

4) Медициналық туризмнің әлемдік нарығы: проблемалар мен өсу драйверлері;

5) Астана – медициналық туризм картасында;

6) Болашақ бағдарламасының 30 жылдығы: Астананың адами капиталына және еңбек ресурстарын дамытуға қосқан үлесі;

7) FUTURE SMART megacities халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумы;

8) Ортағасырлық Еуразияның урбанизацияланған кеңістіктерінің тарихындағы Бозоқ - халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.

Халықаралық сессияларға бауырлас қалалар мэрлері, әлемнің 15 елінен беделді сарапшылар, әлемдік бизнес көшбасшылары, қаржы институттарының мамандары, мемлекеттік және ғылым қайраткерлері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Израиль, Түркия, Польша, Үндістан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Жапония, Әзербайжан, Оңтүстік Корея елдерінен қатысушылар келді.

Форум қорытындысымен бірқатар халықаралық келісімдерге қол қою жоспарланған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл