Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев тағы бір жаңа заңға қол қойды
Жаңалықтар

Тоқаев тағы бір жаңа заңға қол қойды

16.07.2025
мин
0
136
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Заңмен Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Білім туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" заңдарға және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы азаматтарды әскери-патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу жүйесін жетілдіруді және осы саладағы жұмысты күшейтуді көздейді.

Екінші блок әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау деңгейін арттыруды мақсат тұтады.

Үшінші блок әскери есеп жүргізу және әскери қызметке шақыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Төртінші блок әскери атақтар беру тәртібін оңтайландыруға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жасақтауға және әскери қызметшілердің мәртебесін биіктетуге арналған.

Бесінші блок мерзімді әскери қызметтің беделін көтеруді қарастырады.

Алтыншы блок жастарды әскери қызметке кешенді даярлауға жағдай жасау мәселесін назарға алған.

Жетінші блок мемлекеттік қорғаныс тапсырысын іске асыруды дамытуға көңіл бөледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл