Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Төтенше жағдай және отандық кәсіпкерлік
Менің кәсібім

Төтенше жағдай және отандық кәсіпкерлік

06.06.2020
2 мин
2
4449

Заманына қарай адамы демекші, қазіргі кезде заман талабына сай сан түрлі кәсіп түрі бар. Біз медициналық оптикалық қызмет көрсету кәсібінде айтарлықтай жетістікке жеткен «ДОС» медициналық оптика дүкендерінің негізін қалаушы Мадияр Қанатұлымен сұхбаттасқан едік.

- Мадияр Қанатұлы жас та болса, бас болып, өз ісіңізді дөңгелетіп отырған жайыңыз бар. Оқырмандарымызға өзіңізді таныстырып, кәсібіңіз туралы сөз қозғасаңыз...

Есімім Мадияр Қанатұлы. 1995 жылы тамыздың 19 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылында дүниеге келдім. Әкем Тұрысбеков Қанат Ташкент қаласында мед-техник. Ол оптика мамандығын тәмамдап, осы Үржар ауданына келіп, мамандығына  байланысты кішігірім кәсібін ашқан. «Әкеге қарап ұл өсер» демекші, мен де әке жолын қудым. Мектепте оқып жүрген кезде-ақ «оптик» боламын деп шештім. 11 сыныптан кейін медициналық оптика мамандығына оқуға түсіп, тәмамдаған соң әкемнің қасында бір жылдай көмекші болдым. Әкем бір жылдан кейін жұмыс істей алмайтын болды. Сөйтіп мен достарымды осы жұмысқа шақырып, бірге еңбек ете бастадық. Оптикамызға «Дос» деген атау беріп, кәсібіміздің алғашқы қадамын жасадық. Достарыммен ақылдаса келе, кәсіп шеңберін кеңейту үшін қала деңгейінде жұмыс жасау керектігін түсіндік. Алғашқыда инстаграм желісінде парақша ашып, сол жерде тапсырыстар қабылдай бастадық. Бізге тіпті Нұр-Сұлтан, Алматы сияқты үлкен мегаполистерден тапсырыстар түсе бастады. Қорқынышымызды шетке ысырып, 2017 жылы еліміздің бас қаласынан бірінші дүкенімізді аштық. Артынша Нұр-Сұлтан қаласында үш дүкеніміз, Алматы қаласында да үш дүкеніміз және Аягөз қаласы мен Үржар ауылында дүкеніміз ашылды. Жалпы жұмыс барысы стандартты «оптика» дүкендері сияқты қызмет етеді. Әрбір оптика салонымызда көз дәрігері, көзәйнекті жасаушы мастерлер, рецептке сәйкес жарасымды көзәйнек жақтауларын, контактілі линзалар, күннен қорғайтын көзәйнектерді де таңдауға көмектесетін консультанттарымыз бар.

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде әлем бойынша шамамен 285 млн адам көру қабілетінің нашарлауынан зардап шегеді. Оның 39 миллионы – зағип, 246 млн адамның көру қабілеті өте төмен. Олардың 19 миллионнан астамы – бала. Ақ халаттылар көз аурулары көбейді деп дабыл қағуда. Ол Сіздің кәсібіңіз қоғамға ауадай қажет екенін білдіреді. Осы орайда, сұрағым келіп отырғаны, қазіргі заманда қоғамдағы, елдегі оқиғалардың Сіздің кәсібіңізге тигізген әсері қандай...

Бүгінде елдегі, жалпы әлемдегі жағдай көп кәсіпкерлерге оңай тимеді. Біздің де барлық дүкендеріміз жабылды. Бір жарым, екі ай көлемінде дүкендеріміз де жабылып, онлайн сатылым да болмады. Сатылым көрсеткіші төмендеді. Үш жыл ғана нарықта қызмет етіп жатқан жас компания болғандықтан, төтенше жағдайға дайын емес едік. Сатып алатын тауарымыздың өтемін ай сайын төлеп отыратын едік. Дүкен жабылып, іс жүрмегендіктен, тауарды жеткізушілерге беретін ақшамыз да болмай қалды. Төтенше жағдайда кезіндегі біздің негізгі мақсатымыз қарамағымыздағы қызметкерлерімізге еңбек ақысын беру болды. Бұрын-соңды алмаған қарызды алдық. Бұл, әрине, оңайға тимеді. Қорқыныш болғанын да жасырмаймын. Көп ұзамай, бір аптадан кейін тығырықтан шығатын жол таптық, яғни сайт ашып, онлайн сатылымды бастап кеттік. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы сатылымды зерттедік. Осыған дейін «онлайн киіп көру» қызметі болмаған екен. Соны алғашқы болып енгіздік деуге болады. Бірлігіміздің арқасында нәтижеге жеттік. Сатылым 80 пайызға құлдырағанымен, жалпы сатылым болды. Яғни кәсібіміз бір орында тұрып қалмады. Сайт жасау жұмысын көп уақыт бойы кейінге шегеріп жүрген едік. Төтенше жағдай орын алғанда, тез сайт ашып, инстаграм парақшамызды дамыттық. Көпке созған істің бір аптада біткеніне таңқалдық. Клиенттерімізбен кері байланыс жасап, сайттың кем-кетігіне түзету енгіздік. Онлайн сатылымды жақсарттық.

Сіз сияқты елімізде көптеген кәсіпкерлер тығырыққа тірелді, әрине. «Қандай кәсіп бастасам...» деген ойда жүрген жандарға не айтар едіңіз?

Жеке кәсіпкерлікте жүргеніме үш жыл ғана болды. Көпжылдық тәжірибем жоқ болғандықтан, ақыл айта алмаймын. Бірақ өзімнің ойыммен бөлісе кеткім келеді. Ең бірінші, болашақ кәсіпкерлер өзіне ұнайтын, жанына жақын нәрсемен айналысса екен. Пайдалы болуы керек, өзгеге зиянын тигізбеу керек. Кәсіп бастаған кезде жауапкершілікті өз мойынына алу қажет. Яғни, лидерге лайық шешім қабылдауды үйрену керек. Себебі бірінші соққыны да қабылдайтын – өзі. Сонымен қатар шыдамдылық, мақсат қоя білу сияқты қасиеттерге ие болуы шарт. Қорықпай бастап, соңына дейін жеткізе білу керек. Ол үшін жалқаулық сияқты жаман қасиеттен арылу қажет.

- Көп рақмет! Бұл айтып өткендеріңіз кәсіп бастайын деп жүрген жандарға пайдалы кеңес болды деп ойлаймын. Сұхбат ағымын тағы да төтенше жағдай кезіндегі жағдайға бұрғым келіп отыр. «Індет айтып келмейді» дейді. Осы кездері сіздер сияқты кәсіптері тоқтап қалған кәсіп түрлері көп. Жалпы осы жағдайға айтар пікіріңіз...

Тек қана төтенше жағдаймен ғана емес, басқа да көптеген себеппен жабылып жатқан кәсіптер бар. Жалпы кәсіптің жабылуының басты себебі – қаржылық сауаттылықтың болмауы деп ойлаймын. Яғни, компания кез келген жағдайға дайын болып, бірнеше қадам алдыға ойластыруы қажет. Әртүрлі күн туып қалғанда тығырықтан шығуға арнайы ақша қоры сақталуы шарт.

-  Мадияр мырза, кез келген мемлекеттің әлемдік аренада өз орнының болуы, халқының байқуатты өмір сүруі сол елдің экономикасының мықты болуымен байланысты дегенге келісесіз деп ойлаймын. Біздің еліміздің экономикасын дамытуда кәсіпкерлердің алар орнын айтып өтіңізші...

Ел экономикасын құраушы – кәсіпкерлер деп ойлаймын. Егер Қазақстандық кәсіпкерлер тауарын, қызметін шет елге сатып, елге пайдасын тигізсе, Отанымыз өркендеп өседі. Ал кәсіпкерлеріміз жұмыс жасамай, яғни, керісінше, өзге елдің кәсіпкерлерінің өнімдерін тұтынса, қаражат сол елге кетеді. Қазақстанға бұдан еш пайда болмайды. Сол себепті отандық кәсіпті дамыту керек. Мемлекет тарапынан қолдау қажет.

- Уақыт тауып берген сұхбатыңыз үшін алғыс айтамыз. Жас болсаңыз да, көп адамға үлгісіз деп білеміз. Кәсібіңіз өрге жүзсін! Халыққа пайдалы игі ісіңіз еш тоқтамай, дами берсін!

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
H
H 30.10.2020
красивый
Жауап беру
Г
Гулзира 20.08.2020
Кеңесіңізге рахмет
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл