Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға өзгертулер енгізілмек
Жаңалықтар

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға өзгертулер енгізілмек

18.08.2022
1 мин
1
1776

 Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы заңнаманы жетілдіру қажет. Бұл мәселе Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңында» талқыланды.

Министрлік пен «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ өкілдері аталған заңнамаға енгізілуі көзделген бірқатар түзетуді көпшілік назарына ұсынды. Бұл өзгерістер құрылыс салушылар үшін үлестік қатысудың тартымдылығын арттыруға бағытталған.

ҚР ИИДМ Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясаты департаментінің директоры Руслан Лепесовтің айтуынша, бүгінде көптеген компаниялар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңды өрескел бұзып, құрылыс жүргізу барысында халықтың қаражатын пайдалануды әдетке айналдырған. Бұл өз кезегінде құрылыс нысандарының уақтылы аяқталмауына және мердігер компаниялардың көпшілік алдындағы міндеттемелерін дер кезінде орындамауына әкеп соғуы мүмкін.

Ал, «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салықов тұрғын үй құрылысы нарығын демонополизациялау және аталған нарыққа қатысушылар үшін түрлі тосқауылдарды азайтуға бағытталған бірқатар ұсынысты ортаға салды.

Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысу кезінде «Бірыңғай оператордың кепілдемесін алған («ҚТК»)» құрылыс компанияларынан талап етілетін құжаттар тізімін азайту ұсынылып отыр. Сонымен қатар, олардың мегаполистер мен өзге аймақтарда салған құрылыс нысандарының аумағы мен осы саладағы тәжірибесі бойынша шекті талаптарды азайту көзделген.

Мәселен, «Екінші деңгейлі банк жобасына қатысу тәсілімен» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу ұйымдастырылған жағдайда немесе көппәтерлі үй қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескер ақшасын тартуға қатысты жергілікті атқарушы органның рұқсат беру процесін енгізу қарастырылып отыр.

Ал, «Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде мердігер компаниялардың саладағы жиынтық тәжірибесін 5 жылдан 3 жылға дейін төмендету, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында салған көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы аумағын 60 мың шаршы метрден 30 мың шаршы метрге, ал аймақтар үшін 30 мың шаршы метрден 18 мың шаршы метрге дейін азайту ұсынылады.

Айтылған ұсыныстар бизнес қауымдастық тарапынан қолдау тапты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айбарша 19.08.2022
ЖСБ дан уй алу
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл