Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырды
Жаңалықтар

ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырды

27.05.2023
1 мин
0
507

ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 70 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, ҰБТ басталғалы шекті балды 76 пайызға жуық талапкер жинады. Орташа балл - 68. Ең жоғары балл – 137.

"Негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді. Естеріңізге салсам, тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 20% пайызы "Математика-Физика" пәндер комбинациясын тапсырды. 14 пайызы "Биология-Химия" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалатын комбинация – "Химия-Физика", оны 50 адам тапсырған", - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

ҰБТ-ға бірінші аптада ерекше білім беру қажеттіліктері бар 108 талапкер қатысқан.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде пайда болады.

Бүгінгі таңда 50 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 39 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.

Фото: tengrinews.kz

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл