Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Теңгемен депозиті бар қазақстандықтарға өтемақы төленеді
Жаңалықтар

Теңгемен депозиті бар қазақстандықтарға өтемақы төленеді

24.02.2022
1 мин
0
1823

Теңгенің күрт құнсыздануына байланысты теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасы жүзеге асырылады.

Теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдау үшін Қазақстан Ұлттық банкі үкіметпен бірлесіп бюджет қаражатының есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуді көздейтін Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады , деп хабарлады primeminister.kz.

Бағдарламаға 2022 жылдың 23 ақпанының соңындағы жағдай бойынша салымдарға кепілдік беру жүйесіне қатысушы – бір немесе бірнеше екінші деңгейлі банкте және "Отбасы банк" акционерлік қоғамында ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады.

Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды.

"10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) әрбір банкте 1 адамға 2022 жылғы 23 ақпан күнінің соңындағы қалдықтар шегіндегі жалпы сомада, бірақ бағдарламаны іске асыру басталған кезден бастап 12 айдан кейін 20 миллион теңгеден аспайтын сомадағы (салымның нақты сомасы 20 миллион теңгеден аспайтын болса, сол сомадан астам емес) көрсетілген салымдарға 1 рет есептеледі. Өтемақыға (сыйлықақыға) жеке табыс салығы салынбайды", - делінген хабарламада.

Екінші деңгейлі банктегі салым мерзімінің соңына дейін, бірақ тетік енгізілген сәттен бастап кемінде 12 ай, яғни 2023 жылғы 24 ақпанға дейін салымды сақтау сыйлықақыны есептеу үшін міндетті талап болып саналады.

Егер салым мерзімі өтемақы (сыйлықақы) төленгенге дейінгі кезеңде аяқталса, депозит бағдарламаның аяқталу мерзіміне дейін ұзартылуға тиіс. Салымды ішінара алу кезінде өтемақыны (сыйлықақыны) төлеу жоғарыда көрсетілген лимиттерді ескере отырып, ақша алынғаннан кейін салым қалдығының сомасына жүзеге асырылады.

Жуырда Үкімет пен Ұлттық банктің тиісті актілері қабылданады. Бағдарламаға қатысу үшін салымшылар салым орналасқан екінші деңгейлі банкке барып өтініш беруі қажет.

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл