Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлттық қордың келешегі бізді толғандырады - депутат
Жаңалықтар

Ұлттық қордың келешегі бізді толғандырады - депутат

18.06.2020
1 мин
0
1397

Сенат депутаттары Ұлттық қордың келешегіне алаңдап, үкіметтен қорды қалай толықтыруды жоспарлап отырғанын сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенат депутаты Бақтыбай Шелпековтің айтуынша, коронавирус салдары әлемде, оның ішінде елімізде экономикалық-әлеуметтік маңызды жүйелерге әсер етуде.

"Осындай қиын-қыстау уақытта Ұлттық қордың ел ахуалында алар орны зор екеніне тағы да көзіміз жетті. Сондықтан Ұлттық қордың келешегі бізді бұрынғыдан да бетер толғандырады. Оған себеп – есеп комитетінің сенатқа берген тұжырымдамасы және басқа да ақпараттық деректер", - дейді сенатор.

Айтуынша, 2018 жылы Ұлттық қордан бөлінген 2,6 триллион теңге мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін құраса, 2019 жылы қордан бөлінетін қаржы 3 триллион 100 миллиард теңгеге жетіп, 500 миллиард теңгеге ұлғайған.

Сонымен қатар, былтырғы жылдың тоғыз айында қор қаржысын игеруден түскен инвестициялық түсім 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ке төмен.

Осыған орай, депутат үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтан Ұлттық қор қаражатын бюджеттің шығыс бөлігіне жұмсауды азайту және қорды келешекте толықтыру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.

"Расында да былтыр Ұлттық қордан 3 триллион теңгеден астам ақша тартылды. Биыл кепілдендірілген трансферттің үстіне тағы 2 триллион теңге қосылды. Бұл, ең алдымен, коронавирус індетінің салдарын жою үшін алынды, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды",- деді Смайылов.

Қор қаражаты жекешелендіру есебінен тотырылады

Бірінші вице-премьер Ұлттық қордан тартылатын қаражат мөлшерін қысқарту үкіметтің басты міндеті екенін атап өтті.

"Біз Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін қор концепциясына тиісті өзгерістер енгіздік. Бұл өзгерістер контрциклдық бюджет саясатын іске асыруға бағытталған. Қазір тиісті өзгерістерді бюджет кодексіне енгізудеміз", - деді ол.

Сонымен қатар, салық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру, салық саясатын жетілдіру есебінен бюджет кірісін ұлғайту жұмыстары жүріп жатыр.

"Жекешелендіру жұмысын кеңейту жоспарымыз бар. Одан түсетін түсімдер Ұлттық қорға жіберілетін болады", - деді Смайылов.

Айтуынша, осы шаралардың арқасында Ұлттық қордан тартылатын кепілдендірілген трансферттер азайып, қор қаражаты толығады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл