Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Ұлттық» статусына ие мәдениет саласындағы ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы 75 пайызға өседі
Жаңалықтар

«Ұлттық» статусына ие мәдениет саласындағы ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы 75 пайызға өседі

24.06.2022
1 мин
2
1177

Еліміздегі «ұлттық» статусына ие мәдениет саласындағы ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы 75 пайызға өседі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың министрлікке бағынысты мекемелердегі ұжымдармен кездесуі барысында белгілі болды. Тиісті жобаны министрлік әзірлеп, Үкімет мақұлдады.

Қазір мәдениет саласында «ұлттық» статусына ие 5 ірі ұйым бар: Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Михаил Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театры, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық кітапханасы. Енді аталған ұйым қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысы 1.75 коэффициентімен есептеліп, жалақы өсетін болады. Мысалы, 7-10 жылдық еңбек өтілі бар артистер қазір 217 129 теңге алса, 1 шілдеден бастап олардың еңбекақысы 379 977 теңгені құрайды.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы мәдениет саласын дамытуға, атап айтқанда оның қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға көп көңіл бөледі. Бұл ретте министрлік тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Еңбекақыны көтеру – бұл маңызды бағыттардың бірі. Сонымен қатар біз бірқатар мәдениет нысанын қайта жөндеу, материалдық-техникалық базаны жақсарту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелерін қарастырып жатырмыз», – деді Дәурен Абаев.

Алматыға сапары аясында министр Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында  болды, одан бөлек сала сарапшыларымен бірқатар кездесу өткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
М
Мақсат Тілепберген 26.06.2022
Бұл үкімет тарапынан жасалған үлкен қамқорлық, өнер адамдарының мерейі өсіп қалған болар деп ойлаймын.. алғыстан басқа айтарымыз жоқ! Министріміз Дәурен Абаев мырза істің адамы екенін кезекті рет дәлелдеді.
Жауап беру
Ш
Шынар 25.06.2022
Басқалары тоқалдан туған ба? 100000т айлықпен жүрміз ғой. Неге сонша алалайды
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл