Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Келер жылдан бастап азаматтар зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін емге немесе баспана алуға пайдалана алады. Парламент тиісті заңды қабылдап, мемлекет басшысына жіберді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін заңға түзетулер жасалып, бірқатар өзгерістер енгізілген болатын.
"Сенат енгізген түзетулер нақтылау сипатына ие және мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді. Сондықтан Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті заң жобасына сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларға келісім білдіруді ұсынады", - деді депутат Сәкен Өтебаев.
Аталмыш заң жобасы барысында азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға немесе емделуге жұмсау құқығы белгіленеді.
Заң мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.
Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылдан бастап ел азаматтары зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін пайдалануға беруді іске асыруды тапсырған еді.
Тағы көру