Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа карантинде 42 500 теңге төлене ме?
Жаңалықтар

Жаңа карантинде 42 500 теңге төлене ме?

02.07.2020
1 мин
2
1151

Қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленбейді. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице премьер әлеуметтік төлем азаматтарға елде төтенше жағдай жариялануына байланысты төленгенін атап өтті.

"Төтенше жағдай тоқтағаннан кейін оған ешқандай заңнамалық негіз жоқ. Сондықтан азаматтар әрі қарай мүмкіндігінше жұмыс істеген жерлерінде қызметін жалғастыруы тиіс. Осы жағдаймен тікелей байланыстыруға ешқандай негіз жоқ деп ойлаймын", - деді Тоғжанов баспасөз мәслихатында.

Қазақстанда 5 шілдеден жаңа карантин басталады.

Ел ішінде әуе және теміржол қатынасы сақталады, бірақ бірқатар шектеу көзделген. Өңірлер арасында қалааралық автобустар уақытша тоқтатылады. Бұдан бөлек, қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеледі.

Сауда орталықтары мен базарлар, дәмханалар, қызмет көрсету орындары, басқа да нысандар жабылады. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан жұмыс істейді.

Шектеу шаралары әзірге екі аптаға енгізіліп отыр, одан кейін карантин ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
К
Куралай 02.07.2020
Жумыс жабылса, не жумыс жасаймыз? Оздерінде артык
Жауап беру
02.07.2020
жумыс истеген орында калай каламыз егер олар жабык болса
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл