Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа облыстарға қатысты жол картасында 27 іс-шара қарастырылған
Жаңалықтар

Жаңа облыстарға қатысты жол картасында 27 іс-шара қарастырылған

13.06.2022
1 мин
0
1190

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа облыстарды құрудың мән-жайын түсіндірді.

«Президенттің жаңа облыстарды құру бастамасын іске асыру үшін Үкімет тиісті жұмыс жүргізді. Биыл наурыз айында Премьер-Министрдің біріші орынбасарының төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды және осы комиссияның тиісті жұмыс алгоритмі бекітілді. Осы жылдың сәуір айында Үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті. Онда жаңа облыстарға – Абай, Жетісу, Ұлытау атауларын беру туралы ұсыныс қолдау тапты. Сондай-ақ, биылғы сәуір айында жаңа облыстардың шекарасын анықтау бойынша мәслихаттардың тиісті сессиялары өткізілді», - деді Ә.Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның айтуынша, жаңа облыстар аумағының шекарасын айқындау кезінде жергілікті халықтың пікірі, өңірдің экономикалық және инфрақұрылымдық әлеуеті, халық саны сияқты өлшемдер ескерілген. 

«Нәтижесінде Мемлекет басшысы осы жылғы 3 мамырда Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құруды көздейтін «Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойды. Осы Жарлық 8 маусымда күшіне енді. Осылайша, Қазақстан картасында Абай, Жетісу, Ұлытау деген тарихи атаулары бар үш жаңа облыс пайда болды. Жарлықты іске асыру үшін Үкімет тиісті ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (Жарлықты іске асыру жөніндегі Жол картасын) қабылдады. Жол картасының негізгі іс-шаралары ретінде жергілікті және аумақтық басқару құрылымдарын қалыптастыру, облыстар арасында бюджет және коммуналдық меншік бойынша бөлу, бюджетті бекіту, әділет органдарында тіркеу, салық кодтарын беру, шоттар ашу және басқа да мәселелер қамтылды. Жалпы, жол картасында 27 іс-шара қарастырылған және ол орындалып жатыр», - деді министр. 

Осы орайда ол 8 маусымда жаңадан құрылған облыстар мәслихаттарының сессиялары өткізілгенін, онда мәслихаттардың хатшылары сайланып, депутаттық мандаттар бөлінгенін еске салды. 

«Қазіргі уақытта облыс әкімін тағайындауды мәслихат депутаттарымен келісудің жаңа тетігі қабылданғанын айта кету қажет. Мемлекет басшысының тиісті Жарлығына сәйкес Президент өңір әкімі лауазымына кемінде екі кандидатура ұсынады. Облыс әкімі лауазымына тағайындауға келісім өңір аумағында орналасқан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысында ашық не жасырын дауыс беру арқылы беріледі. Дауыс беруге қатысқан депутаттардың ең көп дауысын алған кандидат келісім алған болып есептеледі», - деді ведомство басшысы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл