| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жарлықтарын жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына;
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына;
Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына;
Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды;