Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Жаңалықтар

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

16.05.2021
1 мин
11
3870

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жастардың баспана мәселесі қандай жолмен шешіліп жатқанын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған "Elorda Jastary" бағдарламасының негізгі бағыты – тұрғын үй мәселесі.  Сондай-ақ сапалы және қолжетімді білім беру, жұмысқа орналасуға және жастар кәсіпкерлігін дамытуға көмек көрсету, кәсіптік бағдарлау, бос уақытты тиімді өткізу, салауатты өмір салтын жүргізу болып отыр.

"Қысқаша екі бағытқа тоқталғым келеді: "Elorda Jastary" жастар бағдарламасы және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жағдай жасау. Өткен жылы волонтерлермен, жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесулерде "Elorda Jastary" бағдарламасының тұжырымдамасын әзірледік. Осы жылы елорданың жас мамандарын жеңілдікпен әлеуметтік несиелендірудің жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Бағдарламаға 36 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Елордалық тіркелім кем дегенде бір жыл болуы керек және бағдарлама үміткерінің жеке баспанасы болмауы қажет. Ресми жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес болуы шарт.

Осылайша аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға жылдық 5% жеңілдікпен 13 млн теңгеге дейін қарыз ала алады. Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз.

Елбасының бастамасымен қолға алынған "Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы да жалғасады. Осы бағдарлама аясында жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам жастар баспаналы болады.

Екінші бағыт – мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау. Қалада бірқатар әлеуметтік жобалар, соның ішінде "Кедергісіз келешек" жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба желісі бойынша 12 бейімдеу секциясы ашылды, республикалық клиникаларға квоталар бөлінді.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдаған болатын. Кездесуде Елбасыға елорданың экономикалық дамуы, қаланы газдандыру үдерісі, тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы, сондай-ақ қоғамдық жерлерді абаттандыру туралы ақпарат берілді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
11 Пікір
Н
Нурболат 15.06.2022
Кызылорда каласында ше
Жауап беру
Д
Досымжан 08.03.2022
Мен Йнвалит ем осы там алуға жүгүрге. Калаи алуға болат
Жауап беру
Н
Нурберген 23.11.2021
Ассалаумалейкум. Актобе каласында осындай программа боладыма?
Жауап беру
Л
Ляззат 29.08.2021
Сәлеметсізбе! Менің жиналған ақшам жоқ.Үйді алып сол акшаны сосында төлеуге болатын мүмкіндік барма?
Жауап беру
С
Салтанат 21.05.2021
Баска да облыс калаларда да осы багдарлама барма? Алде тек Нур-султан каласында гана ма?
Жауап беру
М
Макпал 17.05.2021
Кайда барып алуга болады екен кандай кужат керек екенин билу ушин..
Жауап беру
Н
Нурсая 16.05.2021
Менде уйли болғым келеди 4 балам бар Актобе калтасына кеуим жумыс жасайды бирак ишип кетте береди
Жауап беру
К
Казыбек 16.05.2021
Кашан басталады екен айтып жиберсениз
Жауап беру
Қ
Қаракөз 16.05.2021
Қызылорда қаласынанда осы бағдарлама жұмыс жаса нұр үстіне нұр болареді
Жауап беру
К
Косыбаева жарқын 16.05.2021
арпз
Жауап беру
Ж
Жадыра 16.05.2021
Шымкент каласында боладымекен осындай багдарламалар?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл