Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жерлеу бағасы 500 мың теңге:бұл адамгершілікке жатпайды
Жаңалықтар

Жерлеу бағасы 500 мың теңге:бұл адамгершілікке жатпайды

08.07.2020
1 мин
6
2745

«Жаңаарқа ауданында індеттен күніне 5 адам көз жұмады» деген жалған жазба жарияланды. Сондай-ақ, облыста мәйітті жерлеу бағасы 150 мың теңгеден аспайды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

«Әлеуметтік желіде мәйітті жерлеу құны 500 мың теңге деген ақпарат тарады. Марқұмның неден қайтыс болғанына қарамастан, қызмет бағасы – 150 мың теңге. Жалпы Қарағандыдағы қайтыс болған адамның денесін жерлеу қызметі 500 мың теңге деп тараған жазба жалған», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша өткен айда ауданда 24 өлім саны тіркелген. Десе де олар әр түрлі себептерге байланысты.

Әкім елдегі карантин жағдайына дейін де жерлеу қызметі 150 мың теңге болғанын, ал қызмет көрсетушілер бұл соманы өсіретін болса, әкімдік мәселені бақылауда ұстап, үнемі қадағалайтынын айтты.

«Қайтыс болған адамды облыстың басқа жеріне жеткізу қажет болса, қызметтің ортақ бағасы 200 мың теңгеден аспайды. Біз өзара келісім жасадық. Жерлеу рәсімдеріне қатысты қызметтер көрсетуде алыпсатарлыққа бару адамгершілікке жатпайды», - деп түсіндірді өңір басшысы.
 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Н
Нуреке 08.07.2020
Ковиттен кайтыс болган адамдарын акша берип САТЫП алып жатыр. Окимет не карап отыр осы.
Жауап беру
А
Арухан 08.07.2020
Онсызда Карантнде ахщасыз отырган халыкты тагы да сору амалы
Жауап беру
А
Айгерим 08.07.2020
Өлсеңде ақша әйтеуір
Жауап беру
Р
Рита 08.07.2020
Неге мәйітті жерлеу Ақылы? 150 мың өте көп сумма біздің қара халыққа. Тіпті денені жерлеу үшін де моргтан сатып алады. Әйтеуір тұнып тұрған коррупция дүнеге келсеңде, ауырсаңда, өлсеңде ақша.
Жауап беру
Н
Назерке 08.07.2020
Сол Жанаарка ониринен Карагандыга алып кеткен адамдардын торт бесеуин 160 000тг толем майтти арен алдык деген кисилер бар. Жакындарын 200км жерге апару онын устине олип калган жагдайда осынша улкен сумма толеп алу кара халыкка онай емес онын устине дари дармек акысы ауданга майтти жеткизу акысы жерлеу жумыстары тоже бир Шама каражатты талап етеди
Жауап беру
Ф
Фариза 08.07.2020
Жогарадагылар солай шындық қа жанаспайды деп алып сол 500ге жерлетып жатқан шығар,, сонда қаласында ақшасы жоқ адамдар көшеде шіріп сасып жабу керек па,, өліп жатсаң да ақша стеудын амалы.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл