Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмыртқа сату нарығында делдардар көбейген
Жаңалықтар

Жұмыртқа сату нарығында делдардар көбейген

23.01.2024
1 мин
0
529
Фото: gov.kz

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тауық жұмыртқаларын көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдау барысында өңірлік тауар нарықтарының шекарасында еліміздің 34 негізгі құс фабрикасы жұмыс істейтін нарық шоғырлануының жоғары деңгейі сақталғаны анықталды.

2022 жылы жұмыртқа өндіру көлемінің (+4,2%), экспорттың (+0,2%) оң серпіні және импорттың 2,4% - ға қысқаруы байқалады. Бұл ретте, 2023 жылы өндіріс көлемінің (-2,1%), экспорттың (-17%) төмендеуі және импорттың (+50% - дан астам) ұлғаюы анықталды.

Сонымен қатар, импортталатын премикстердің, ветеринарлық препараттардың, орауыш материалдардың қымбаттауы 2023 жылы тауық жұмыртқасы бағасының 13% - ға өсуіне себеп болды.

2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басында байқалған жұмыртқа бағасының өсу қарқынын төмендету үшін жедел шаралар кешені қабылданды.  Жұмыртқа өндірушілер мен көтерме саудагерлерге 11 хабарлама жіберілді. Шымкент қ. (Шымкент құс), Алматы облысында (Сары-Бұлақ, Алсад), Қостанай (Жас-Қанат), Түркістан (Бес-қара), СҚО (Адель құс, Алекри), Ақмола (Курочка ряба) тауық жұмыртқаларын өндірушілерге қатысты 8 тергеу жүргізілді. Салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 124,8 млн. теңгені құрады.

Сонымен қатар, жұмыртқаларды көтерме саудада өткізу нарығын тұрақты бағалық бақылау жағдайында кәсіпкер емес жеке тұлғалар арқылы құс фабрикаларының өнімді өткізу көлемінің ұлғаюы байқалады.

Сондай-ақ, сауда желілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына 15% түріндегі сауда үстемесінің белгіленген мөлшерін сақтамау фактілері анықталды. Осы фактілер бойынша тиісті материалдар Мемлекеттік кірістер комитетіне және құзыреті бойынша сауда комитетіне жіберілді.

Тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің өзге тауар нарықтарынғыдай, талдау шеңберінде негізгі назар ауыл шаруашылығы тауар өндірісін дамыту шараларына аударылады. Бұл агроөнеркәсіптік кешеннің монополиялық емес тауар нарықтарын тікелей және жанама бағалық реттеу құралдарын қысқарту, жеңілдікті кредиттеу үлесін ұлғайту, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің сауда желілері мен өзге де инфрақұрылымға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл