Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмыстан еркінен тыс шығарса қандай шара қолдану керек?
Маман пікірі

Жұмыстан еркінен тыс шығарса қандай шара қолдану керек?

10.08.2023
3 мин
6
4552
Фото: depositphotos.com

Адам өмірінің басым бөлігін жұмыста қызмет етуімен уақытын өткізгенімен, жұмыс орнында өз құқықтарын білмейтіндер де жиі болады. Ал сізді еркіңізден тыс жұмыстан шығарса, кімге шағымдана аласыз? Жұмысшы құқығын қорғау мүмкін бе? Осы сауал төңірегінде Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, заңгер Эльнура Кішкенебаеваның пікірін білдік. Толығырақ Dauletten.kz сайтынан оқи аласыздар. 

Заңгер ретінде менің айтарым,жұмыс беруші еш уақытта қызметкерді алдын ала ескертусіз жұмыстан шығара алмайды, ол үшін негіз керек. Егер де қызметкер тәртіп бұзған болса, тәртіптік іс бойынша  материалмен міндетті  түрде таныстырылады.

Ал егер де жұмыстан шығарылуына ешқандай мұндай негіз болмаса, қызметкер сотқа шағым түсіруге құқығы бар және әдетте сот қызметкер жағында болады.

Сонымен қатар, қызметкер жұмысынан шықаннан кейін бір айлық еңбек демалысына тең төлемді ала алады. Ал кейбір мемлекеттік қызметкерлер үш айлық жалақысын алуы мүмкін. 

Кейбір жұмыс берушілер қосымша бір ай жұмыс істеу кезінде жалақы төлемейді. Бірақ ақысыз қосымша жұмыс заңсыз емес, себебі бұл мәселе де келісім шартта көрсетіледі. 

Жұмыстан шықаннан кейін, қызметкерге берілетін төлемақының сомасы жұмыс өтіліне байланысты емес, тек оның ай сайынғы алатын жалақысына қарай белгіленеді. Қысқартуға ұшыраған қызметкерлерге кейбір жұмыс берушілер үш айға дейін жалақы төлейді. Ал өз еркімен жұмыстан шығатындар еңбек демалысына төленетін сомаға тең өтемақы алады.  

Сонымен қатар, қызметкердің басқа құқықтары жайында айта кететін болсақ, еңбегі үшін ақы алуға, демалуға, жұмыс істеуге қажетті жағдайды талап етуге құқығы бар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
301
6 Пікір
Ш
Шынар 12.08.2023
Сәлеметсіз бе? Мен де декретке мектетен оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып шықтым. Бір жыл өткен соң басқа декретке кеткен мұғалімнің орнына, уақытша, бастауыш сынып мұғалімі болып 5 ай істеп, тағы декретке кеттім. Өз орныма шығуға рұқсат бермеді, балаң кішкентай, тағы ауыраяқсың, мектепте аттестация өтеді, қиын болады деп. Болашақта өз орным сақтала ма деп едім, иә деп жауап берді. Биыл өз орыныма жұмысқа шығайын десем, орның сақталмады, себебі, сен ортасында бастауышта жұмысқа шыққансың дейді. Маған осы уақытқа дейін ауызша да, жазьаша да ескертпеді. Білмедік деп. Бұл заңды ма? Еңбек кодексінің 100-бап, 3-тармағында қызметі/лауазымы/сақталады делінген декреттегі адамның. Менің жағдайымда қандай заңға сүйеніп отыр екен. Жауап аламадым
Жауап беру
Л
Лаура 11.08.2023
Декретте отырмын, жумысқа шығамын дедім, енді емізулі баламен қысқартылған күн істеймін, бірақ обед уақытын қосып қойған, оны алып тастауға бола ма?
Жауап беру
И
Илия 11.08.2023
Менин синилимде тура солаи декретке кеткен мугалимнин орнына истеп журген откен жылдын декабрь атынан бастап .Али бир жыл болган жок Енди бугин синилим жылап келди Декреттеги аиел синилимнин жумысына келип мен жуысыма шыгамын Саган али ескертпедима деп келип отыр . Енди синилим жкмыссыз калама деп коркамын . Мектептин барине жумыска адам алып коиды Тура собак басталарда жумыссыз калаиын деп туи
Жауап беру
Ж
Жазира 10.08.2023
Мен жумыска уакытша кабылданганмын, 4 жылдай жумыс жасап жатканыма. Енди коркып журмин, мен декретке кеткен келиншектин орнындамын. Ол жумыска шыкпакшы, енди не болады???
Жауап беру
Л
Ләззат 10.08.2023
Менің жолдасым ды жұмыстан шығарып жіберді
Жауап беру
Л
Ләйлә 10.08.2023
Егер жұмыс беруші собеседование кезінде стажировка төленеді деп, стажировкадан кейін ол ақшаны төлемесе шағымдануға болады ма?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл