Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жыл басынан бері Қазақстанда 571 алаяқ ұсталды
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Қазақстанда 571 алаяқ ұсталды

08.08.2022
1 мин
0
1399

Биыл Қазақстанда 11 763 алаяқтық жасау оқиғасы тіркелді.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, интернет-алаяқтыққа қарсы бірлескен жұмысты талқылау мақсатында министрлікте арнайы отырыс өтті.

«Жиынға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ байланыс операторларының басшылары мен жауапты мамандары кездесуге онлайн режимде қосылды. Кеңесте соңғы алты жылда интернет-алаяқтық фактілерінің саны айтарлықтай артқаны атап өтілді», - деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде.

2016 жылы осындай мың қылмыс тіркелсе, 2021 жылы алаяқтық саны 21 мыңға дейін өскен. Жыл басынан бері 11 763 оқиға тіркеліп, алаяқтардың кесірінен 7 млрд теңге шығын келтірілді. 571 қылмыскер, 17 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

«Бұған дейін министрліктің бастамасы бойынша онлайн-қарыз алу кезінде клиенттерді сәйкестендірудің банктік рәсімдері қатаңдатылды. Қазіргі кезде алаяқтар абоненттік нөмірлерді ауыстыру бойынша сервистерді, телефондарға қашықтан қол жеткізу үшін арнайы қосымшаларды пайдаланады. Сондай-ақ олардың арасында шетелден әрекет ететіндер де бар. Жалпы, ауыстыру нөмірлерін бұғаттау жүйесі телефондық алаяқтық фактілерін азайтуы керек. Бүгінде оны қазақстандық байланыс операторлары белсенді түрде интеграциялап жатыр», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл